Кокос скрабын дайындайық

Кокос скрабын дайындайық
Фото: www.livemaster.ru

Құрбыңызға ерекше сыйлық жасағыңыз келсе немесе өзіңізге скраб қажет болса, үйден үш қоспадан ғана тұратын скраб дайындауға болады.

Қажетті азық-түліктер:

- 1 лимон;

- 1 стақан қант;

- ¼ стақан кокос майы немесе 1 пакет кокос ұнтағы.

Кокос майын немесе кокос ұнтағын қантпен араластырамыз. Лимонның қабығын үккіштен өткіземіз. Барлығын лимон суымен араластырамыз. Скраб дайын!

Кокос майының орнына кез келген майды қолдануға болады. Зәйтүн майын қолдансаңыз, мөлшерін азайтыңыз. Себебі зәйтүн майының иісі қатты шығуы мүмкін.

Дайын скрабты тосаптың әдемі ыдысына құйып, сыртын лентамен безендіріп қойсаңыз болады.

А. Жапатова