- Негізгі бет
- Сымбат
- Жұлдыздық белгіге қарап...
Жұлдыздық белгіге қарап арықтау #3
Біздің сайтымыздан жұлдыз-жорамалға қарап мінезді анықтау, қыз бен жігіттің жарастығы жайында жазылған материалдармен таныс боларсыздар. Енді жұлдыздық белгіге байланысты арықтау туралы жазамыз.
Жалғасы (Шаян, арыстан, бикеш)
Таразыларға арналған диета
Таразы жұлдызында туғандардың көпшілігі тәттіні жақсы көреді. Артық салмақ қоспау үшін олар пеште піскен тағамдар мен тәттілерден бас тартқаны абзал. Олардың орнына жеміс-жидек, жеміс-жидек қағына қант қосып қайнатылған тосап, зефир, мармелад жеуге болады. Дәмдеуіштер қосылған тағамдарға және ет өнімдеріне қызықпағаны азбал.
Сарышаяндар диетасы
Бұл жұлдызда туғандар тұздалған тағамдарды, қуырылған етті, балықты, шұжықты жақсы көреді. Салмағыңызды арттырғыңыз келмесе, жақсы көретін тағамдарыңыздың басқаша дайындалған түрін татып көріңіз. Қайнатылған не буға піскен тағамдар пайдалырақ болады.
Мергендердің диетасы
Сымбатын сақтау үшін мергендерге В дәрумені мол тағамдарды жеу керек. Оған бұршақты, жапырақты көкністер, ет, бүйрек, сүт өнімдері, жаңғақтар жатады.
@. @assel_assanova