Жұлдыздық белгіге қарап арықтау #2

Жұлдыздық белгіге қарап арықтау #2
Фото: oane.ws

Біздің сайтымыздан жұлдыз-жорамалға қарап мінезді анықтау, қыз бен жігіттің жарастығы жайында жазылған материалдармен таныс боларсыздар. Енді жұлдыз жорамалға байланысты арықтау туралы жазамыз.

БАСЫ (Тоқты, торпақ, егіздер)

Шаян белгісімен туғандарға арналған диета

Шаян белгісіндегі адамдар тұзсыз диета ұстанып, шөптен жасалған несеп айдағыш шай ішкен дұрыс. Майсыз қышқыл сүт өнімдерін қолдануға да болады.

Арыстан жұлдызды жандарға арналған диета

Арыстандарға бірден шешім қабылдау қиын, сондықтан кез келген диета түрін таңдамайды. Бірақ, алдына мақсат қойса, оған міндетті түрде жетпейінше тынбайды. Арыстандар ақуызға және С, Е дәрумендеріне бай (құс еті, кәді, цитрустар, жаңғақ, жарма) диетаны таңдаса, өкінбейді.

Бикештер диетасы

Бикештер асқазан-ішек жолдары және жүйке жүйесіне көңіл қойғаны жөн. Ауыр қабылданатын, тез қорытылмайтын астан қашқаны абзал. Бикеш үшін ең пайдалы тағамдар: сыр, сүзбе, қайнатылған және бұқтырылған көкөніс. Салмақ тастау үшін алма диетасы, орамжапырақ диеатсы деген секілді бір ғана өнімнен тұратын диетаға отырғаны жақсы.

@. @assel_assanova