- Негізгі бет
- Сымбат
- Алма диетасымен арықтау...
Алма диетасымен арықтау
Алманың арықтаумен бірге, денсаулығымызға тигізер жеті пайдасы жөнінде өткен материалымызда айтқан болатынбыз. Алма диетасы ең қарапайым да нәтижелі диета. Жеті күнге созылатын диета бір жұма ішінде 6-7 кг салмақтан арылуға кепілдік береді. Тек диета шартын сақтанып, алмадан өзге ештеңе жемеуге тырысу керек.
1 күні: 1 кг алма
2 күні: 1,5 кг
3 күні: 2 кг алма
4 күні: 2 кг алма
5 күні: 1,5 кг алма
6 күні 1,5 кг
7 күні: 1 кг алма
Алмадан өзге ештеңе жемей жүру аздап қиынға соғуы мүмкін. Бірақ бұл алма жемісін жақсы көретіндер үшін сүйікті диета болады. Бір-ақ апта шыдасаңыз, тастаған салмағыңыз өзіңізді риза етеді. Алмадан басқа (қант қосылмаған) көк шай не газдалмаған су, майлылығы 1% айран ішуге болады. Диетаның бесінші күнінен бастап аз мөлшерде қара нан жеуге рұқсат етіледі.
Алма диетасы тек артық салмақтан құтылу үшін ғана емес, аш ішек ауруы, асқазан, жүрек талма аурулары бар адамдарға да жақсы көмектеседі. Диетаны 2-3 ай сайын қайталауға болады.
@. @assel_assanova