- Негізгі бет
- Аспаздық
- Денсаулыққа пайдалы диеталар...
Денсаулыққа пайдалы диеталар тізімі
Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды.
Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді.
Әр диетада өзіне ғана тиесілі тағамдар бар. Сол тағамдар қажет температурада, қажет әдіспен дайындалуы тиіс. Диетаны ұстаған кезде түбегейлі бас тартуымызға тура келетін тағамдар бар. Ағзаға жетіспейтін дәрумендерді дәрілер арқылы да бойға сіңіруге болады.
Осыған дейін арықтауға арналға күріш диетасы, арықтауға арналған мұз диетасы, арықтауға арналған жұмыртқа диетасы, арықтауға арналған қант диетасы, арықтауға арналған құлпынай диетасы, арықтауға көмектесетін диета, жігіттерге арналған диета, тез арықтататын диета сынды диета түрлерін жазған болатынбыз. Енді денсаулыққа пайдалы диеталарды ұсынамыз. Әдетте денсаулыққа пайдалы диеталар нөмірленген. Денсаулыққа пайдалы әрі арықтауға септігін тигізетін диеталар туралы жазбас бұрын назарларыңызға толық тізімді ұсынамыз.
№1, 1а, 1б денсаулыққа пайдалы диеталары – асқазанда ойық жара пайда болғанда, 12 елі ішектің қышқылдығы жоғары болғанда;
№ 2 денсаулыққа пайдалы диета – созылмалы гастрит, энтерит, колит;
№3 денсаулыққа пайдалы диета – ішек жолындағы созылмалы аурулар;
№4 денсаулыққа пайдалы диета – ішек жолына ота жасалған соң, ішек жолындағы асқынған аурулар кезінде, іш өткенде;
№4б денсаулыққа пайдалы диета – ішек пен өзге ас қорыту мүшелері зақымдалған кезде;
№4в денсаулыққа пайдалы диета – ас қорыту мүшелері мен ішекке байланысты аурулар емеделе бастаған кезде ұсынылады;
№5 денсаулыққа пайдалы диета – бауыр циррозы, гепатит, холецистит әбден жазылғанда, созылмалы холецистит, гепатит, өтке тас жиналу кезінде;
№5а денсаулыққа пайдалы диета - гепатит пен холециститтің алғашқы сатысында, бауыр, асқазан мен ішек қабынуы, асқазанда жара пайда болғанда;
№5п денсаулыққа пайдалы диета – созылмалы панкреатит;
№6 денсаулыққа пайдалы диета – несеп-тас ауруы, құяң;
№7 денсаулыққа пайдалы диета – созылмалы нефрит, пиелонефрит, гломерулонефрит;
№7б денсаулыққа пайдалы диета – нефриттің жеңіл формасында, көп жағдайда №7а диетасынан кейін ұсынылады;
№7в денсаулыққа пайдалы диета – бауыр ауырғандағы нефротикалық синдром;
№7г денсаулыққа пайдалы диета – гемодиализ кезінде;
№8 денсаулыққа пайдалы диета – арыктауга арналған диеталар көмектеспейтін семіздікте;
№9 денсаулыққа пайдалы диета - қант диабетінің жеңіл және орташа формасы, инсулин дозасын таңдау кезінде;
№10, 10а денсаулыққа пайдалы диеталар - жүрек-қан тамырлары ауруы кезінде, қанайналым жүйесі бұзылғанда;
№10и денсаулыққа пайдалы диета – миокард инфарктында;
№10с денсаулыққа пайдалы диета – гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек тамырларының, бастың, басқа ағзалардың атеросклерозы;
№11 денсаулыққа пайдалы диета – өкпе, сүйек, буын туберкулезы, операциядан кейін әлсіреу;
№12 денсаулыққа пайдалы диета – жүйке ауруы;
№13 денсаулыққа пайдалы диета – инфекциялық ауру;
№ 14 денсаулыққа пайдалы диета – бүйрекке тас жиналу аурулары;
№15 денсаулыққа пайдалы диета – асқазан сау болып, басқа арнайы диеталарды қажетсінбеген кезде ұсталатын диета.
Қ. Бүйенбай