- Негізгі бет
- Сымбат
- Күннен қалай қорғанамыз?...
Күннен қалай қорғанамыз?
Біраз уақыт бойы адамдар күн астында жүрудің басты пайдасы – адам ағзасында Д дәрумені молынан бөлінуінде деп ойлады. Бұл дәрумен ағзаға кальцийді бөлуге көмектеседі, ал ол өз алдына тіс пен сүйектің мықты болуына әсер етеді. Жақында британдық ғалымдар күннің зат алмасу үдерістеріне, қан қызметін жақсартып, сабырлылықты, иммунитетті нығайтып, аллергиялық ауруларды емдеуге тікелей әсері бар екенін дәлелдеді.
Алайда күндізгі сағат 12 мен 3-тің арасында күн көзінен аулақ болған жөн. Тіпті арнайы кремдерді жағып, қорғану керек. Күнге күйіп, терісін қарайтқысы келетін арулар бұл жайтты есінен шығармауы керек.
Дүкенге күн көзінен қорғайтын крем алуға келгенде алдымыздан он түрлі нұсқа шығатыны белгілі. Солардың ішінен сізге керегін қалай анықтау керек?
Кремнің құрамында мырыш оксиді, титан диоксиді мен авобензон болуы керек. Бұл заттар бет терісін ісіну мен күйіп кетуден қорғайды. Сондай-ақ крем сыртында міндетті түрде SPF-фильтр саны көрсетіледі. Ол әдетте 15-тен 50-ге дейін барады. Фильтр саны теріңіз неғұрлым нәзік болса, соғұрлым үлкен болуы керек.
Терісі аппақ болып келетін аруларға SPF-фильтрі 40-тан 50-ге дейін болғаны абзал.
Терісі ақ болып келетін қара шашты қыздарға SPF-фильтрі 15-тен 20-ға дейін болғаны жөн, ал қара торы, қара шашты аруларға 8 саны бар SPF-фильтрі де жеткілікті.
Бетке арналған кремдер жайлы бөлек айту керек. Себебі оның құрамында «қорғау құралы» денеге арналған кремге қарағанда мықтырақ болады. Әдетте құрамындағы фильтр саны 30-50-дің арасында болады. Мұның арқасында беттің күйіп қалу қаупі төмен болады.
Ал сіз күннен қалай қорғанасыз?
Ұқсас жазбалар:
Косметика таңдау кезінде нені ескеру керек?
Бет күтіміне арналған маскалар
Ф. Абилова