Бет күтіміне арналған маскалар

Бет күтіміне арналған маскалар

Желатин – мал сүйегінен жасалатындықтан бет күтіміне арналған таптырмайтын құрал. Желатиннен жасалған маска бетті қара нүктеден тазартып, теріні тартып, әжімдерді жазады.

Желатиннен жасалған масканы пайдаланбас бұрын бетіңізді жақсылап тазартуыңыз керек. Тіпті беттің ұсақ тесіктерін ашатын бу ваннасын жасасаңыз нұр үстіне нұр болар еді.

Масканы бетке жағып, жайлы жер дайындап, көзіңізге түймедақ салынған қалташаны немесе қияр қойып, жатыңыз.

Қара нүктеге қарсы

1 ас қасық түссіз желатинді жарты стақан сүтпен араластырыңыз. Қоспаны қысқа толқынды пешке 10 секундке қойыңыз. Қоспаны бетке жағып, кепкен соң ақырындап алып тастаңыз.

Шырын негізіндегі маска

Бізге 1 пакет желатин мен жарты стақан шырын қажет болады. Қалыпты және құрғақ бетке алма, шабдалы, таңқурай, алмұрт пен құлпынайдан жасалған шырын, ал майлы бетке лимон, апельсин, грейпфрут, томат, сәбіз бен ақ жүзімнен жасалған шырын болады.

Шырын мен желатинді кішігірім кәстрөлге құйып, араластырыңыз. Орташа отқа қойып, желатин ерігенше үздіксіз араластырып тұрыңыз. Пайда болған қоспаны тоңазытқышқа жарты сағатқа салыңыз. Уақыт өткен соң бетке жағып, жатыңыз. Маска құрғаған соң бетіңізден алып, бетті салқын сумен жуыңыз. Мұндай маска теріңізді нәрлендіріп, тазартып, жұмсартады.

Сүт негізіндегі маска

Бізге 1 ас қасық желатин, жарты ас қасық сүт пен жұмыртқаның ағы қажет болады. Желатин мен сүтті жай отқа қойып, қыздырып, ерітіңіз. Суыған соң жұмыртқаның ағын қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 30 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң масканы алып, бетті салқын сумен жуыңыз. Бұл маска кез келген типті бетке сәйкес келеді.

Әжімге қарсы

4 ас қасық глицерин, 4 ас қасық қайнаған су, 2 шай қасық желатин мен балды орташалау кәстрөлге салып, араластырып, пешке қойыңыз. Отты жай қойып, ерігенінше араластырып тұрыңыз. Қоспаға 4 ас қасық қайнаған су қосыңыз. Масканы бетке жағып, 20 минуттан кейін алып тастаңыз. Қалған қоспаны тоңазытқышта сақтауға болады.

Сурет: travelimage.ir

Ұқсас жазба:

Әтірді қалай таңдау керек?

Ф. Абилова