Аруларға тағы бір сый

Спа үшін қолданылатын «бомбочкаларды» өз қолымызбен жасап көрейік. Ол - туыстарға, достарымызға сыйлауға болатын, бағасы арзан нәрсе. 

Түсі мен иісін өз қалауыңызша таңдауыңызға болады.

Ол үшін бізге:

- сода;
- жүгері крахмалы;
- лимон қышқылы;
- бүрікпе;
- азық бояғыш;
- шыны ыдыс;
- пластиктен жасалған қасық;
- эфир майы;
- пісіруге арналған пішін;
- резеңке қолғап;
- қалың картоннан жасалған кеселер;
- қаптауға арналған қағаз;
- қаптауға арналған лента керек болады.

Дайындау жолы:

1. ¾ кесе соданы, 1 стақан лимон қышқылын араластырып, бетіне 2 стақан жүгері крахмалын елек арқылы сүзіп, себіңіз. Қоспаны бояу үшін бүрікпе мен суға 3-4 тамшы бояғышты қосыңыз.

2. Қоспаны араластыру кезінде боялған сумен бүркіп тұрыңыз. Лимон қышқылының содамен реакцияға түспеуін бақылап тұрыңыз. Қоспаны қолмен қысқанда белгілі бір пішінге келетіндей болуы керек.

3. Иісті майларды 4-5 тамшыдан қосыңыз. Қоспаны пісіруге арналған пішінге нығыздап салыңыз. Кебуге 2 сағатқа қалдырыңыз.

4. Дайын «бомбочканы» ақырындап алыңыз. Картон қағаз бен лентаны пайдаланып, жақсылап қаптаңыз.

Сурет: master-vannoi.ru

Ұқсас жазба:

Ауа тазартқышты қолдан жасауға бола ма?

Сабын қалдықтарынан сұйық сабын жасап көрдіңіз бе?