Майсана майының сұлу болуға көмегі

Майсана майының сұлу болуға көмегі

Майсана майының сұлу болуға көмекші бола алатынын білесіз бе? Ендеше мына кеңестерді жадыңызда сақтаңыз:

Шашқа арналған майсана майы

1. Алақаныңызға майсана майын құйып, ысқылап, шашыңызға жағыңыз. Аптасына бір рет жасап тұрсаңыз, бір айдан кейін шашыңыздың жылтырай түскенін байқайсыз.

2. Шашқа арналған маска жасау үшін 1 стақан айранды ыстық су құйылған тәрелкеге қойыңыз. Айран жылығанда 5 тамшы майсана майын тамызыңыз. Қоспаны басыңызға, шашыңызға бойлай жағыңыз. Шашты полиэтиленді пакетпен, сыртынан сүлгімен орап қойыңыз. Жарты сағаттан соң шашты жуу керек.

3. Шашыңыз түсетін болса майсана майы көмектесе алады. Майсана майына спирт қосып, басыңызға жағыңыз. Қоспаның қатынасы 1:2 шамасында болуы керек.

4. Қайызғақты емдегіңіз келсе, 1 стақан ыстық қою шайға 1 шай қасық майсана майын қосыңыз. Бұл қоспаға 20 грамм спирт қосып, араластырып, шашты жууға бір сағат қалғанда жағыңыз.

Кірпікке арналған майсана майы

Кірпікті өсіріп, қатайту үшін майсана майын қолдану жүз жылдық тәжірибенің нәтижесінен алынған әдіс. Ұйықтар алдында кірпіктің төменгі жағына майсана майын жағып, жатыңыз.

Шашыңызды, кірпігіңізді әдемі еткіңіз келсе, майсана майын балық майымен 1:1 қатынасында араластырып, қолдануға болады.

Теріге арналған майсана майы

1. Бет массажы

Ас қасықты пештің үстінен ұстап, қыздырып алыңыз. Оған майсана майын құйып, жылытып алыңыз. Маймен бетіңізді сүртіп, уқалаңыз. Жылы күйіндегі майсана майы бет терісіне жақсы сіңетін қасиеті бар. Сонымен қатар бұл әдіс беттегі әжімдерді жазады.

2. Бетке арналған маска

Жұмыртқаның сарысын 10 тамшы майсана майымен араластырып, маска дайындаңыз. Оны бетке жұқа қабат етіп жағыңыз. 15 минуттан соң масканы алып, түймедақ тұнбасымен немесе көк шаймен бетіңізді жуыңыз.

Әрқашан сұлу болып жүре беріңіз, арулар!

Сурет: gdefon.org

Ұқсас жазба:

Шаш күтіміне арналған майлар туралы

Ф. Абилова