Шаш күтімінің бір сыры

Шаш күтімінің бір сыры

Бізді «шашқа қалай күтім жасау керек?» деген сұрақ жиі толғандырады. Мамандар бұл сауал төңірегінде бірнеше кеңес береді. Мәселен, маска, бальзамнан бұрын шашты дұрыс жууды білу керек.

♦ Шашты жуудың алдында тарап шығыңыз. Бұл шашты терінің өлі клеткаларынан тазарту үшін жасалады.

 Шашты тек жылы (!) суда жуыңыз. Тым салқын не тым ыстық су шашымызды бүлдіреді.

♦ Сусабынды пайдаланбас бұрын шашты жақсылап шайып алу керек. Шашыңызды жылы судың астында 5-10 минуттай ұстаңыз.

♦ Шашты сусабынмен екі рет жуу керек. Сонда барлық шаң мен кір кетеді. Сондай-ақ, сусабынды шашқа құймай, алдымен қолға құйып, шашқа ысқылап, жағу керек.

♦ Басыңызға массаж жасап, сусабынды сіңдіріңіз.

♦ Сусабынды 1 минуттан астам шашта ұстауға болмайды. Оның шашқа зиянды екенін ұмытпаңыз.

Сусабын қалмағанынша жақсылап жуып, шайыңыз. Содан соң салқындау сумен бір шайып шығыңыз. Бұл шашты жылтырата түсетін әдістің бірі.

♦ Содан соң бальзам, кондиционер, маскаларды қолдануға болады. Шашыңыздың ерекшелігіне қарай өзіңізге лайығын таңдаңыз.

♦ Тек таза сүлгіні пайдаланыңыз.

Кеңестер пайдалы болады деген үміттеміз. Іске сәт, үнемі сұлу болып жүріңіз!

Сурет: venera-beauty-home.com

Оқи отырыңыз:

Ас үйдегі қулықтар

Заманауи бойжеткеннің гардеробында болуы тиіс киімдер

Шашты жібектей ету үшін...

Шашты емдеу қажет пе?

Ф. Абилова