Ас үйдегі қулықтар

Ас үйдегі қулықтар

Ас үйде қажетті, пайдалы болатын «лайфхактар» тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

1. Тәтті әрі жұпар иісті кофе ішкіңіз келсе, қайнауға жеткізбей пештен алыңыз. Ал егер де пеште ұзақ ұстап қалсаңыз, ақырындап оттан алып, бірнеше тамшы салқын су қосыңыз.

Сондай-ақ кофе ерекше дәмге ие болсын десеңіз, бір шымшым тұз қосу керек.

2. Күріш қардай аппақ болсын десеңіз, қайнап жатқан кәстрөлге 1 ас қасық сірке суын құйыңыз.

3. Жақындарыңызды дәмді тағаммен қуантқыңыз келсе, ет, сәбіз, шикі картоп, ет бульоны мен қышадан жасалған аралас фарш қолданыңыз.

4. Тұздыққа қосқан қаймағымыз қоюланып кетпес үшін аз мөлшерде сүт қосуға болады.

5. Кейбір тағамдарға шарап қосу керек деген шарт болады. Ал егер тағамда спирт болмасын десеңіз, оның орнына сірке суына 1 шай қасық қантты ерітіп, тағамға қосыңыз болады.

6. Ішін тазартқан құстан гөрі тазартпаған құстың жарамдылық мерзімі ұзағырақ.

7. Ет жұмсақ әрі дәмді болсын десеңіз, оны бірден қайнап тұрған суға салыңыз. Сондай-ақ оны бірнеше бөлікке бөлмей, үлкен бөлікпен қайнатыңыз.

8. Винегретті одан әрі дәмді еткіңіз келсе, 1 ас қасық сүт пен 1 шай қасық қант қосыңыз.

9. Тағамды салқын жерде сақтаған жөн. Майонез, шоколад, халва секілді тағамдар жылы жерде тез бұзылады.

10. Дүкендегі майонез ағзаға зиян. Оның орнын қыша мен қайнаған жұмыртқаның сарысы қосылған қаймақ баса алады.

11. Етті жұмсартатын тағы бір әдіс – сірке суына, сүтке немесе квасқа бір малып алып, қайнату.

Сурет: joinfo.ua

Оқи отырыңыз:

Әйел адамға пайдалы тағамдар

Сүтті тағамдар мен жұмыртқаны қалай сақтаймыз?

Мерекеден соң ас үйді тазарту

Өмірде қажет болатын кеңестер

Ф. Абилова