Далапты қалай таңдаймыз?

Далапты қалай таңдаймыз?

Ерінге жағатын далап - әрбір бойжеткеннің сөмкесінде жүретін құрал. Сондықтан далапты дұрыс таңдай білу де маңызды.

Біріншіден, арзанына жүгірмеңіз. Далап өте жиі қолданылатындықтан, тез таусылады. Сонда да тым арзанын алмағаныңыз жөн. Себебі сіз оны тамақпен бірге жеп қоясыз. Сапалы, барынша органикалық заттардан жасалған түрін таңдағаныңыз жөн.

Екіншіден, жасалу мерзіміне назар аударыңыз. Әрбір далап жасалғаннан кейін 2 жыл уақытқа жарайды. Одан кейін бренд болса да, қоқысқа тастау керек.

Үшіншіден, штрих-кодын тексеріңіз. Бұл  кез келген сапалы тауардың арнайы өндіріс орнында, талаптарға сай әзірленгенінің белгісі.

Төртіншіден, иісіне көңіл аударыңыз. Химикаттың өткір исі шығып тұрса, алудың қажеті жоқ. Демек, тауар сапалы емес.

Бесіншіден, орынсыз үнемшілдік жақсы қасиет емес. Кейбір үнемшіл бикештеріміз таусылуға жақындаған далапты сіріңкемен шұқып алып, ерніне жағып жатады. Бұл  кедейшілікке ұмтылудың белгісі.

Далаптың қандай түрін пайдаланған жөн?

Ерні кезеріп, жиі жарылып кететіндерге нәрлендіргіш түрін қолдануға болады. Әсіресе, қыста, жел күндері осындай далапты пайдаланған тиімді.

Ылғалдандырғыш далап ерінді табиғи етіп көрсетеді. Мұндай далап түрін жұмысқа жағып баруға болады.

Өшпейтін далапты концерт, көрме, корпоративті кеш, т.б. шараларға пайдаланған абзал.

Далапты қолданудағы қағидалар:

1. Біреудің көзінше, әсіресе, жігітіңіз тұрғанда бояну әдепсіздік.

2. Күні бойы жиі-жиі жағуды ұмытпаңыз, бұл тек әдемі көрінудің ғана емес, ерніңіздің жарылып кетпеуінің кепілі.

Сурет: polzavred.ru

Оқи отырыңыз:

Иісмайдың зияны бар ма?

Табиғи косметика: шаштың түсуін емдейтін маскалар

Безеуден құтылудың амалы

Косметика жайлы қызықты фактілер

Ф. Абилова