- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш күтімінің әдістері...
Шаш күтімінің әдістері
Шашты күтудің неше түрлі әдісі бар. Алайда, үнемі жақсы көмектесетін амалдардың бірі – майды қолдану. Әртүрлі майды орнымен қолдана білсек, шашымызды емдейміз.
Ал сізге қандай май керек болады?
Ошаған майы – шаштың түсуін алдын алып, тез өсуіне көмегін тигізеді. Құрғақтықтан құтылып, бастың қышуын тоқтатады.
Бадам майы – шаштың майлануымен күреседі. Себумның бөлінуін реттейді.
Майсана майы – қайызғақты емдеу мен алдын алуға көмектеседі. Шашты жұмсартып, жылтыратады.
Арган майы – көмескі, зақымданған шашты емдеп, қалыпқа келтіреді. Оның үстіне жылтырауына да септігін тигізеді.
Зәйтүн майы – шашты қатайтады. Егер шашыңыз жиі түсіп, әлсіз болса, осы майды қолданғаныңыз жөн.
Жожоба майы – құрғақ шашты қалыпқа келтіреді. Ұшталатын шашты емдейтін бірден бір құрал осы жожоба майы. Боялған шашты қатайтып, емдейді.
Кокос майы – шашты ылғалдандырып, нәрлендіріп, көлемді етеді.
Лимон майы – шаштың жұмсақ әрі жібектей болуына көмектеседі.
Сурет: content.ru
Оқи отырыңыз:
Шаштың ұшталуын қалай емдеу керек?
Шаштың ұшталуын емдейтін қоспа
Шашыңызды жібектей ететін сиқырлы қоспа
Ф. Абилова