Шаштың ұшталуын емдейтін қоспа

Шаштың ұшталуын емдейтін қоспа

Күн сәулесінің және шаш түзулейтін, кептіретін, бұйралайтын құралдардың кері әсерінен шашымыз зақымданады. Мұндай жағдайда екі әдісті қолдануға болады, бірі − шашты қысқарту, екіншісі − әртүрлі маскалармен емдеу.

1. Қаймақ маскасы.

Бір ас қасық майлы қаймақ пен бір ас қасық зәйтүн майын араластырып, шаш жууға бір сағат қалғанда ұштарына жағып қойыңыз. Бір сағаттан соң сусабынмен жуып тастаңыз.

Жасалу жолы жеңіл әрі шашыңызды ылғалдандырып,ұшталуының алдын алады.

2. Жұмыртқа маскасы.

Бір сарыуыз, бір шай қасық өсімдік майы, бір шай қасық коньяк пен бір шай қасық балды араластырып, көпіршітіңіз. Бұл қоспаны шашыңызға жағыңыз. Сүлгі не полиэтиленмен орап қойыңыз. Масканы шашыңызда 40 минуттай ұстаңыз.

3. Айран маскасы.

50 грамм айранға кішкене ашытқы қосып, араластырыңыз. Айраныңыз неғұрлым майлы болса, соғұрлым пайдасы зор болады. Бұл қоспаны жылы жерге біраз уақытқа қойып, шашыңызға жағыңыз. Жарты сағаттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.

Сурет: blogdilifestyle.it

Оқи отырыңыз:

Шашты күту жолдары

Шоколад көмегімен арықтайық

«Кез келген жағдайда сұлу көріну керек» ұстанымы дұрыс па?

Ф. Абилова