Шашты күту жолдары

Шашты күту жолдары

Көптеген қыз-келіншек шаштарын қалыңдау, көлемді болып көрінгенін қалайды. Осы арманыңыз орындалсын деген ниетпен назарларыңызға шашқа арналған маска түрлерін ұсынамыз:

1. Құрамында какао бар маска. Бір ас қасық какао үгіндісін төрт ас қасық айран мен бір жұмыртқамен араластырыңыз. Қоспаны шашыңызға жағып, жылы сүлгімен орап, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

2. Құрамында ашытқы бар маска. Жалпы шашқа ашытқыдан жасалған маскалары өте пайдалы. Бір ас қасық ашытқыны 1 сарыуыз, 1 шай қасық ошаған майы және 3 ас қасық жылы сумен араластырыңыз. Қоспаны 40-50 минутқа қалдырыңыз. Шашыңызға жағып, сүлгімен орап, 20 минутқа қойыңыз. Одан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

3. Құрамында бадам (миндаль) бар маска. Бадамы бар маскалар өте нәзік, әрі хош иісті болып шығады. Сонымен қатар бадамның пайдасы өте зор екені де бәрімізге мәлім. 5 ас қасық бадам жаңғағын блендер көмегімен ұсақтап, қою ботқа қылып, 3 ас қасық сүт немесе айранмен араластырыңыз. Бұл қоспаны шашқа жағып, 45 минут күту керек. Уақыты өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

4. Құрамында майы бар маска. Екі шай қасық ошаған майын бір шай қасық лимон шырыны мен бір шай қасық үпілмәлік майымен (касторовое масло) араластырыңыз. Үнемі шашты жуу алдында осы масканы шашыңызға жағыңыз. 

5. Құрамында коньяк бар маска. Үш ас қасық конькті екі ас қасық бал мен бір ас қасық жылы сумен араластырыңыз. Қоспаны 15 минутке қалдырып, басыңыздың терісіне жағыңыз. Он-он бес минуттан кейін жуып тастаңыз.

6. Құрамында пияз бар маска. Бұл маска шашыңызға өте пайдалы, бірақ оны жақсылап жуып, кетіруіңіз керек. Пиязды ұсақтап, тураңыз, шырынын сығып алыңыз. Оны бір ас қасық бал мен бір жұмыртқамен араластырып, көпіртіңіз. Шашыңыздың бойына қоспаны жағып, душқа арналған бас киім не пакет киіп, сүлгімен орап, бір сағатқа қалдырыңыз. Жақсылап жуып тастаңыз.

Аталған маскаларда жиі пайдаланып тұрсаңыз, шашыңыз қалыңдап, көлемдірек болары анық.

Әрқашан күтімді қалыпта жүріңіздер, арулар!

Сурет: aspekty.net

Ф. Абилова