Арзан сұлулық

Арзан сұлулық

Бойжеткендер әрдайым сұлу болып жүргенді қалайды. Кәріс қыздары секілді пластикалық ота жасатпаса да, небір косметиканы қымбатқа сатып алады. Олардың кейбірі бағасына сай келмей жатады. Ал сіз арзан сұлулықтың болатынын білесіз бе? Білмесеңіз, кезекті материалымызды оқыңыз.

Шашқа

1. Сульсена пастасы қайызғақтан арылтып, шаштың жылдам өсуіне жағдай жасайды.

2. Лаванда эфир майын шашты шаюға арналған кондиционерге қосып қойсаңыз, шашыңыз көпке дейін майланбайды.


3. Репевит құрамында шөп пен майдың түрлі экстрактісі болатындықтан, әлсіз шашты қатайтады.

4. Маска: Лимон шырынына А және Е дәрумендерін, 2 ас қасық Димексид қосып араластырыңыз. Аздап күйдіріп жатқандай әсер береді. Оны бірнеше рет қолданған соң шаш жылдам өседі.

Бетке

1. Бет пен қабақ терісіне арналған плацентарлы маскілер. Ол майда әжімді жазады. Бір масканы 3 ретке дейін пайдалануға болады.

2. Өрік майы. Өрік сүйегінен алынатын бұл өнім зақымданған теріні қайта қалпына келтіреді. Мұнымен қатар құрамында түрлі дәрумен бар. Оны уқалау жасату барысында да пайдалануға болады.

3. Шөп дәрілер. Түймедақ, итошаған, жожоба және зәйтүн майларын араластырып, түнімен тоңазытқышқа салып қойыңыз. Таңертең осы текшелермен бетіңізді сүртетін болсаңыз, теріңіз балғындыққа ие болады.


4. Аевит әжімдерге қарсы.

5. Блефарогель – көз астындағы күлдіреуіктерден құтқарады.

6. Шабдалы майын жатар алдында бетіңізге жағу арқылы теріңізді жұмсарта аласыз.

Тырнаққа

1. Теңіз тұзын тырнаққа арналған маска, денені жайландыратын ванна ретінде пайдалануға болады.


2. Тырнаққа арналған ванна. Ыдысқа зәйтүн майын құйып, саусағыңызды 10 минутқа салыңыз. Майдың жылы болғаны жөн. (Газда немесе микротолқынды пеште жылытуға тыйым салынады).

Кірпікке

1. Майсана майын көздің айналасына, кірпік пен қасқа жағуға болады.


2. Ошаған майынан шаш пен кірпікке арналған маска дайындауға болады.

Терінің созылуына

1. Алдымен кофеден жасалған скраб жағып, артынша мумияның 2 таблеткасын кремге араластырыңыз. Дайын болған затты терінің созылған аймағына жағыңыз. Целлюлит кезінде теріні жақсылап тартады. Осы әсерін жоғалтпас үшін оны үнемі жасап тұру керек.

2. «Клирвин» кремі. Мұны да терінің созылған аймақтарын қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.

Тіске


Белсендірілген көмірмен 2 апта бойы тісіңізді шайсаңыз, маржандай болып ағарады. Бұдан өзге тіс пастасының құрамына лимон майын қосуға болады. Ол да өз кезегінде тістің ағаруына септігін тигізеді.

Қолға


1. Қолға арналған көже: Тең көлемде глицеринді, 70%-дық спиртті және мүсәтір спиртін араластырып пайдаланыңыз.

2. Кофенің қоюын төкпестен қолыңызға жағып алсаңыз, теріңіз жұмсара түседі. Оны небары 5-10 минут қана жағыңыз.  

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: liveinternet.ru, massaget.kz




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN