Ұйықтарда макияжын сүртуге ерінетін қыздар үшін

Ұйықтарда макияжын сүртуге ерінетін қыздар үшін

Кейде той-томалақтан немесе бастаңғыдан шаршап келетініміз соншалық, бетімізге жаққан бояуымызды сүртуге ерініп, ұйықтап қаламыз. Ертесі адам танымас кейіпке еніп, кетіре алмай әлек боламыз. Әрине, заманауи косметиканың арқасында барлығын да ретке келтіруге болады, алайда уақытында сүртілмеген макияждың бетімізге әжім түсіріп, терімізді құртатынын ұмытпайық. Осындай жағдайда әжім түсуден сақтану үшін бірнеше кеңес ұсынамыз:

Егер теріңіз құрғақ болса

1. Екі есе жуыну

Макияж кетіруге арналған құралдың майлы түрін пайдаланыңыз. Оның басқаларына қарағанда әсері мол. Осы рәсімді орындаған соң, жуынуға арналған көпірткіні қолданыңыз.

2. Көзге

Көз айналысындағы теріде май бездері болмайтындықтан, жуынуға арналған құралдарға өте сезімтал келеді. Осы аймақта әжім мен қатпар пайда болмас үшін қоректендіретін крем жағыңыз.

3. Ылғалдандыратын кез

Әдеттегі ылғалдандыратын ласьоныңызға қанағаттанбаңыз. Сіз бүгін оның үстіне қоректендіретін крем жағуыңыз керек. Ылғалдандыру еш уақытта артық болмайды.

Егер теріңіз майлы болса

1. Қышқылмен достасыңыз

Макияжды сүртіп болған соң, артынша құрамында гликолил немесе салицил қышқылын пайдаланыңыз. Қышқыл тері майы мен шаң-тозаңмен күресуге мүмкіндік береді.

2. Эксфолианттарды сақтап қалуға тырысыңыз

Өлі жасушалардан арылу арқылы өзіңізді жаңа безеу мен қара дақтың пайда болуынан сақтандырасыз. Эксфолиациидің әсерін күшейтуге арнайы механикалық щеткалар көмектеседі. Оны өзіңіз тексеріп көріңіз.

3. Тереңдей түсіңіз

Тері тесігін бітеп, толықтай тазартуға құрамында топырағы бар маска көмектеседі.

4. Ақылмен ылғалдандырыңыз

Теріңізді ылғалдандыру үшін жеңіл эмульсия мен майлылығы төмен ласьон пайдаланыңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Әлия Телебарисованың жеке парақшасынан

Қ. Бүйенбай