Бетті тегістейтін сулықтар

Бетті тегістейтін сулықтар

Тегістеуші сулықтар әрбір қыз баласы үшін тығырықтан алып шығар «сиқырлы таяқша» десе де болады. Оның көмегімен майлы жылтырды макияжға зиян тигізбестен алып тастауға болады. Әрине, әрбір ару тегістеуіш сулықтардың пайдасын біледі, біз бұл жазбамызда оларды дұрысын таңдау жасауға жол көрсетпекпіз.

Тікбұрышты етіп кесінділерге бөлінген және ыңғайлы оралған қағаз кейде ұнтақты, кейде шәй ағашының сығындысы қосылып келген болады. Бұл сулықтар бетке тегістік, жұмсақтық беріп, таза етіп көрсетеді. Басты ереже: ешқашан сүртуші болмаңыз. Бұл әрекет макияжға зиянын тигізеді.

Мамандар кеңесіне сүйене отырып, тегістеуші сулықтардың мынадай түрлерін ұсынамыз:

Mary Kay

Ыңғайлы әрі жеткілікті қатты полиэтиленді конвертке оралған сулықтар сөмкеден көп орын алмайды. Сулық зығыр қағаздан жасалған. Бір орамада 75 дана бар. Жалғыз кемшілігі – оларға сауда өкілі арқылы немесе компанияның арнайы сайтынан тапсырыс бере аласыз.

VIA Beauty

Тегістеуші сулықтардың бюджеттік нұсқасы дейік. Бағасы өте қолжетімді, бір сүрткенде үшеуі жеткілікті.

Shiseido

Біздің тізімдегі ең қымбат сулық. Өндірушілер сулықтың ұзақ уақыт бойғы жұмсақтықты қамтамасыз етіп қана қоймай, құрамындағы өсімдік сығындыларының арқасында тері күтімімен айналысады деп уәде береді.

The Body Shop

Аса арзан нұсқа емес, 65 данасын шамамен 1800 теңгеге (10 доллар) сатып аласыз. Тек шетелден алдырту керек. Орамада бактерияға қарсы сулықтар, шай ағашының сығындысы қосылған сулықтар, ұнтақты сулықтар бар. Бәрі де өте жақсы әсер етеді.

Mentholatum Acnes Oil Control Film

Жапондықтар мықты әрі арзан өнімдерден келетін пайданы біледі. Бұл сулық-қабықша майлы және құрама теріге арналған. Сорғаннан кейін қабықша (пленка) түссіз бола түседі, бұл беттің майын сіңіргенінен хабар береді. Бір рәсім үшін екі данасы жеткілікті, бір орамында 50 дана бар. Оларды онлайн түрде 2-3 (360-540 теңге) долларға сатып алуға болады.

Дайындаған: Бұлбұл Дәрібаева

Сурет:anael.kz, inglam.ru