Бетке арналған маскаларды дұрыс қолдану

Бетке арналған маскаларды дұрыс қолдану

Ұсынылатын кеңестерімізден бетке арналған маскаларды дұрыс пайдалануды, үнемдеуді, әсерін күшейтуді және тағы да басқа амалдарын білетін боласыз.

1. Нұсқаманы жақсылап оқыңыз.

Және қалай жазылған, дәл солай орындап шығуға талпыныңыз. Мәселен, балшық маскасын межелі уақыттан артық ұстап тұруға болмайды. Әйтпегенде, терінің тартылып, ауырсынуы, нәтижесінде құрғап кетуі байқалады.

2. Теріні дайындаңыз.

Масканы міндетті түрде таза әрі дымқыл теріге жағу қажет. Масканың әсерін көтеру үшін теріні скрабпен немесе спонжбен тазартқан дұрыс. 

3. Масканы саусақпен емес, бояу жаққышпен жағыңыз.

Бұл мақсат үшін жалпақ далапқа арналған жаққышты таңдаңыз. Ол масканы біртегіс жұқа қабатпен жайып, үнемдеуге әсерін тигізе алады.

4. Шеткі аймақтарды абайлаңыз.

Бояу жаққышты мұқият пайдаланғанда ғана көз айналасындағы, ерін шетіндегі "тыйым салынған аймақтарға" жағып жіберуден сақтанасыз. Көптеген маскаларда осы аймақтарға тигізуге тыйым салынғандығы туралы ескертулер жазылады. Мұның соңы терінің шамадан тыс құрғауына алып келеді.

5. Дымқылдандырыңыз.

Толықтай кепкен балшық маскасы терінің дымқылын сіңіре бастайды. Осыған жол бермес үшін белгілі бір уақыт сайын бетке гүлді, жылы немесе минералды суды сеуіп тұрыңыз.

6. Екі есе әсер алыңыз.

Бет терісінің күтімімен балшық маскасы айналысып жатқанда, қабағыңызға көздің айналасына арналған арнайы маскаларды қолдана бастаңыз.

7. Масканы дұрыс жуыңыз.

Нәрлендіргіш масканы гүлді суға батырылған косметикалық сулықтармен немесе мақта дөңгелектерімен алған дұрыс. Ал балшық маскасын жылы сумен жуыңыз. Содан кейін қалған қалдықтардан арылу үшін бетті тоникпен сүртіңіз.

8. Эксфолиацияға арналған спонжды қолданыңыз.

Тазалауға арналған маскаларды целлюлозды спонжды қолдану арқылы жуу керек. Бұл қабыршақтанып кетудің алдын алып, бет терісін күтуге арналған косметиканы жағуға дайындайды.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: womanfaq.ru