Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Реңк беруші кремнің түсін қалай таңдаймын?

Реңк беруші кремнің түсін қалай таңдаймын?

Реңк беруші кремнің түсін қалай таңдаймын?

Реңк беруші крем – әр ару косметикасының арасынан табылатын құрал. Біреуі оны күнделікті қолданса, басқалары бет терісінің кемшіліктерін жасырып, түсін біркелкі қылатын кремді тек ерекше отырыстар мен жиындарға дайындалғанда жағады.

Бұған қарамастан, әрқайсымызға реңк беруші кремнің түсін дұрыс таңдау өте маңызды. Дүкеннен кезекті реңк беруші кремді сатып алғанда түсін таңдауда қиналамыз. Жақсы болып көрінген түс үйдегі айнаның алдында сізге мүлде ұнамауы мүмкін. Таңдау жасағанда дүкендегі жарық, теріңіздің жағдайы, тіпті киіміңіздің түсі әсер ете алады. Реңк беруші кремнің түсін дұрыс таңдаудың жолдарын біліп жүріңіз.

1. Дұрысы – дүкендегі сатушыдан ұнатқан реңк беруші кремнің сынамасын сұраңыз. Сізге келетін бірнеше түсті сынамаларды өзіңізбен бірге алып кетіңіз. Оны үйде, таза теріге жағып, жақсы жарықтандыру кезінде бағалай аласыз. Сынамаларды таңмен, тері демалып, бөлмеңізде табиғи жарық бар кезде байқаған дұрыс. Крем теріге мінсіз жатуы үшін алдыңғы кеште теріңізді скрабпен тазалап алыңыз. Жуынып, теріні ылғалдандыратын құралды жағуды да ұмыптаңыз.

Реңк беруші кремнің түсін еш бұрмаланусыз бағалау үшін үстіңізге ақ киім киген жөн. Дайындықтың барлығынан кейін сынамаларды бетіңізге жағып, дұрысын таңдаңыз. Теріңіздің түсіне ең жақын түсті кремді бетке жағып, осылай бірнеше сағат жүрген дұрыс, кешке дейін кейбір реңк беруші кремдердің түсі өзгере алады.

2. Екінші тәсіл теріміздің кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Жалпы терінің түсі адамның тамақтануына, ұйқысына, жүйке жүйесінің жағдайына, жыл мезгіліне, күн уақытына байланысты өзгере береді. Бірақ әркімнің терінің реңкі бір болып сақтала береді: сіздің теріңіз жылы не суық реңкті бола алады. Терінің түрін анықтау үшін, табиғи жарықтандыру кезінде беттегі қан тамырларын мұқият зерттеңіз. Қан тамырлары көк немесе күлгін қыздардың терісінің реңкі суық. Ал жасыл түсті қан тамырлар – жылы реңкті терінің белгісі. Қан тамырларының түсін анықтай алмасаңыз, сіздің теріңіз бейтарап реңкті болғаны. 

Адамның терісінің реңкі ол ауырса да, күнге күйсе де, ұйықтамай жүрсе де еш өзгермейді. Көптеген реңк беруші кремдер осыған сәйкес жылы не суық реңкті деп бөлінеді. Ендеше реңк беруші кремді терінің реңкіне қарай таңдауға да болады екен.

Бастысы дүкенде реңк беруші крем таңдағанда саспай, құралды асығыспен алмаңыз. Барлық маркалар мен ондағы түстерді қарап шығуға уақыт аямай, теріңізге түсі мінсіз келген түрін таңдаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: kemdetki.ru

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2013, 14:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.