Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Сабын не гель. Қайсысымен жуынған дұрыс?

Сабын не гель. Қайсысымен жуынған дұрыс?

Сабын не гель. Қайсысымен жуынған дұрыс?

Сабынды күнде қолданамыз. Алайда қарапайым сабын түрі теріні құрғататыны белгілі. Ол сабынмен бет терісін жуған дұрыс па? Денені ше?

Бет терісі нәзік, сезімтал келеді. Күнделікті жағылатын макияж бояулары мен күні бойы жиналған май, шаң-тозаңды жуу кезінде теріні қатты зақымдай аламыз. Қазірде бұл мақсатта сабынды жуынуға арналған гель мен көбіктер алмастырды. Бұл бет терісінің саулығы мен сымбаттылығына үлкен көмегін береді.

Қарапайым иіс сабынның ортасы сілті болады, сол себепті оны тұрақты түрде қолдану бет терісінің сыртқы қорғаныс қабатын бұзады. Тері ылғалдығынан айырылып, түрлі бактерияларға төтеп бере алмай қалады. Сабынды қолдану терінің қозуына, қабыршақтану мен қабынуына әкеле алады.

Ал жуынуға арналған гель, көбіктердің рН көрсеткіші  5,5-ке тең. Бұл оның ортасы қышқыл екендігін көрсетеді. Бұндай құрал эпидермиялық қабатты зақымдамай, терінің ылғалдылығын сақтап, бактериялардың дамуына жол бермейді. Құрамында болатын қосымша ылғалдандырғыш және антибактериалды компоненттер теріге қосымша күтім көрсетеді. 

Бетті жууда сабын емес, жуынуға арналған арнайы құрал қолданған әлдеқайда дұрыс. Алайда қазірде көптеген косметикалық компаниялар жуынуға арналған құралдарды үйреншікті сабын ретінде шығаруға көшті. Бұндай сабындар барлық шарттарға сай, ортасы сілтіден тұрмайды, ал құрамындағы пайдалы компоненттер жуынуға арналған гель мен көбіктерден еш кем емес.

Бет жуатын құрал таңдау

Жуынатын құралды қатты не гель түріне байланысты емес, сіздің теріңізге жағатындығына байланысты таңдау керек. 

Құрғақ теріге крем тектес сабын не жуынатын құрал алу керек. Ол теріні тазалап, ылғалдандырады. Оның құрамында глицерин мен вазелин болған дұрыс. Бұл құрамдас бөліктер терінің қорғаныс қабатын қорғап, қалпына келтіреді. Мұндай сабын қатты көбіктенбей, оңай шайылады, сол себепті теріні құрғатып, тартып тастамайды. Құрғақ теріге арналған сабынға кокос, зәйтүн, ши майлары қосылғаны дұрыс.

Майлы теріні қабынуға қарсы компоненттері бар сабын не жуынатын гельмен жуып жүрген дұрыс. Қырмызы не шай ағашының экстракты сынды құрамдас бөліктер терінің майлануын азайтып, безеу шығуының мүмкіндігін кемітеді. 

Пилинг-сабынның құрамында теріні терең тазалайтын бөліктер болады. Бет терісі үшін мұндай сабын тым қатты болады, оны денеге аптасына 2-3 рет қолданған дұрыс.

Бет терісін ретімен жуыңыз

Біріншіден, беттегі бояуды арнайы сұйықтықпен сүртіп алу қажет. Косметиканы бірден сабынмен не жуынатын гельмен жуған дұрыс емес. Ол бояуды соңына дейін кетірмей, бет терісін зақымдай алады. Макияжға арналған сұйықтықпен бояуды кетіргеннен кейін ғана бетіңізді арнайы сабынмен не гельмен жуыңыз. Бетті ақырын, мұқият тазарту керек, әсіресе, көз маңындағы теріні абайлап жуу керек. Артынан бетті тоникпен сүртіп, крем жаққан дұрыс.

Сабын туралы 3 аңыз:

  1. Қарапайым сабынмен бет терісін жууға болмайды, бірақ ол дене терісіне жаға береді. Әрине дене терісін иіс сабынмен жууға болады, алайда сіздің теріңіз құрғақ болса, жуынуға, душқа арналған гель қолданғаныңыз дұрыс.
  2. Кір сабын сабындардың арасында табиғи, сондықтан пайдалы. Кір сабынның құрамында химиялық қосындылар аз, алайда оның сілтілік көрсеткіші иіс сабындардан да асады. Ол теріңізді тым құрғатып, табиғи қорғаныс қабатын бұзады.
  3. Балаларға арналған сабынды ересек адамдар қолдана береді. Балаларға арналған сабын ересек адамның терісіне зақым тигізбейді, алайда ол балаларға арналып жасалғанын ұмытпаңыз. Оның  рН көрсеткіші бейтарап, ішінде бояғыш заттар мен иіс беретін компоненттер болмайды. Есесіне мұндай сабын ересек адамның терісіне жиналған кірді жуып кетіре алмайды. Ал бояу мен макияж қалдықтары туралы айтпасақ та болады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: audreymagazine.com

21741 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 08 қазан 2013, 18:26
Пікірлер
+0
08 қазан 2013, 19:07

бетим тым майлы кезде сол кир сабынды жагып койып уйктап жур едим сол себептен казир бетим оте жаман болып кургап тез ажим тусетин болып кетты :( :cry:

+0
08 қазан 2013, 19:44

Меніңше гельдердің зияны басымдау секілді...

+0
09 қазан 2013, 07:46

өз басым сабынмен жумаймын, бірақ. сабынмен жуатын қыздардың беттері сондай әдемі болады, таң қаламын кейде)

+0
09 қазан 2013, 11:13

ең дұрысы таза жылы су. сосын тазалаушы құралдарды күнде қолдануды жөн көрмеймін, күнара 1 рет "Чистая линияның" лосьонын (құрамына аздап өзім эфир майын қосам) қолданам, бұл сауда белгісінің өнімдерінде химикаттар аз көрінеді.

+0
09 қазан 2013, 12:52

Құрғақ теріге крем тектес сабын не жуынатын құрал алу керек. Көру керек екен

+0
24 мамыр 2014, 10:59

Лосьонмен сүртіп немесе гельмен жуған дұрыс сияқты. Сабын тек нормальный теріге келеді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...