Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Cұлулық – денсаулық белгісі

Cұлулық – денсаулық белгісі

Cұлулық – денсаулық белгісі

Біз денсаулық ішкі мүшелер жұмысы, тамақтану мен профилактикалық шараларға байланысты, ал сұлулық тек күтім мен косметика еңбегінің жемісі деп білеміз. Алайда сұлулық пен денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты болады.  

Сұлулық пен денсаулық бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Сондықтан сұлулықтағы кемшіліктер денсаулықтағы қиындықтар туралы айта алады. Бүгін шаш пен тырнақ жағдайына қарап, денсаулықтағы ақауларды аңғарып көрейік.

Шаш

Түсі күңгірттеніп, жылтырын жоғалтқан шаш ағзаңызға қажетті селен мен фосфор элементтерінің жетіспейтіндігін көрсетеді. Сізге тамақтану рационына балық пен жаңғақтар қосқан дұрыс.

Бас терісі жиі қышыса, бұның себебі неврологиялық ауруларда болуы мүмкін. Егер өзіңізден осындай белгі байқасаңыз, невролог дәрігерге жолыққаныңыз дұрыс.

Қайызғақ көп жағдайда асқорыту жүйесінің қиындықтары туралы белгі беріп, қате тамақтанудың да себебі бола алады.

Соңғы кезде шашыңыздың әдеттегіден көбірек түсуі ағзаңызда орын алған гормоналды өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар ағзаңызда дәрумендер жетіспеушілігі мен шашқа көрсетіп жатқан күтімдегі қателіктер де шаштың түсуінің себебі бола алады. Бауыр мен өтінің ақаулары бар жандар да шаштың шамадан көп түсуінен зардап шегеді.

Шашыңыз тез майланып, күнделікті жууға тура келе ме? Бас терісінің артық майлылығы бауыр ауруларына, гормоналды өзгерістерге немесе майлы тағаммен шамадан тыс тамақтануыңызға байланысты болуы мүмкін.

Шаштың ерте ағаруы қалқанша безінің жұмысындағы қателердің салдары болуы мүмкін. Алайда кейде бұл тұқым қуалаушылық арқылы келе алады.

Тырнақ

Тырнақтардың пішіні тым дөңес болуы бронхтардың ауруын білдіре алады. Тырнақтарыңыздың пішіні тым дөңес болса, бронхиалды астма сынды аурулардың белгісі болуы мүмкін.

Тырнақтарыңыз табиғаттан сары түсті болса, бауыр мен өтті бір тексертіп алғаныңыз дұрыс.

Гепатитке шалдыққан адамдардың тырнақтары жұқа және жылтыр келеді.

Тырнақтары күлгін, көк реңкті болатындардың жүрек-тамыр аурулары болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ сарғылт-жасыл реңкті тырнақ та жүрекке қатысты қиындықтардың белгісі.

Тырнақ бетіндегі ақ дақтар дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігінен болады. Тамақтану рационыңызға дәрумендерге бай ас түрлерін қосыңыз, қажет болса, дәрумендер жинағын ішіңіз, тырнақты берік қылатын кальций элементін жеткілікті көлемде қабылдап жүргеніңізді қадағалаңыз.

Сонымен қатар тырнақтардың сынғыш болуы, қатпарланып өсуі де дәрумендердің жетіспеушілігін көрсетеді.

Тым ақ тырнақтар анемия ауруының не қатаң диеталарды ұстанудың себебі бола алады.

Тырнақ бетінде жарықтар пайда бола ма? Сізге қалқанша безін тексерту керек.

Тырнақтарыңыздың тым қалың болып, қайшымен алынбай, егеуішпен ұшталмауы қан айналым жүйесіне үлкен қиындықтарды тудыруы мүмкін.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: nydailynews.com 

1890 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 қазан 2013, 14:23
Пікірлер
+0
03 қазан 2013, 14:42

Соңғы кезде шашыңыздың әдеттегіден көбірек түсуі ағзаңызда орын алған гормоналды өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар ағзаңызда дәрумендер жетіспеушілігі мен шашқа көрсетіп жатқан күтімдегі қателіктер де шаштың түсуінің себебі бола алады. Бауыр мен өтінің ақаулары бар жандар да шаштың шамадан көп түсуінен зардап шегеді. :roll: :roll: :roll:

+0
03 қазан 2013, 15:00

бәрін де тексерткен дұрыс)

+0
03 қазан 2013, 15:48

Шашқа байланысты кеңестер дұрыс айтылған екен...

+0
03 қазан 2013, 15:58

Таңқалдырарлық факттар бар екен! )))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев