8 наурыз – әлемге әдемілік берген күн

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.

Көктемнің алғашқы мерекесі. Құлпырған шақтың бал-бұл жайнаған кезі. Бұл мереке – адамзат әйелінің әдемілігін паш етер күн. Әдемілік пен көктем – бүр жарған ақ қайыңның қос бұтағындай егіз ұғым.

Қымбатты қыз-келіншектер қауымы! Бұл – Сіздердің төл мерекелеріңіз.

Massaget.kz порталының тілшілері барша арулар қауымын 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілейді! Әйел деген – жанұя. Жанұяларыңыз шаттыққа, қуаныш пен бақытқа толсын!

Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман болсын! Еліміздің әйелдері бақытты болсын!

Әйел деген әдемі ғой, әдемі, 

Әдемілік бізге көптік етпейді!