Махаббатқа жолығу оңай ма?

Махаббатқа жолығу оңай ма?

Сүйіктісін кезіктірмеген жандар ертегі әлеміндегі махаббатты аңсайды. Ханзада адасып үйіне келсе деп, болмаса автобус ішінде қалып кеткен қолғабымды артымнан жүгіріп әкеліп берсе, таныстығымыз осылай басталса деп армандайтындар көп те шығар. Әркімнің тағдыры, таңдауы өз қолында, әрине. Ал біз өз кезегімізде мынадай кеңестер ұсынғымыз келеді.

1. Далаға шығыңыз. Арманыңыздағы ханзадаңыздың үйіңізден табылмайтыны анық. Далаға шығып, қалаңыздың кешкі көшелерін аралап, көңіл-күйіңізді көтеріп қайтыңыз. Кім білсін, болашақ жігітіңіз де сол көшеде сізді іздеп жүрген болар?

2. Тартымды болыңыз. Әдемі қыздардан қалмай, сіз де жаңарып, жаңа киім киіп, жаңа кейіпке кіріп, өзіңіздің сұлу, тартымды екеніңізді сезініңіз. Сәнді белдемшелер таңдап, бәрін өз талғамыңызбен таң қалдырыңыз. 

3. Жаңа адамдармен танысыңыз. Достарыңыздың қатарын көбейтудің арқасында, сіз жаңа адамдармен танысып, ортаңызды кеңейтесіз. Жаңа таныстарыңыздың қатарынан  бір сымбатты жігіт ұнап қалуы әбден мүмкін.

4. Екі жігітпен бір уақытта кездеспеңіз! Әлі таңдауыңызды жасап үлгермесеңіз де, бір кездесуден екіншіге жүгіруші болмаңыз. Әлемдік тәжірибеге (фильмдерге де, сентименталды романдарға) сүйенсек, бұл екі жігітпен де қош айтысумен аяқталады.

5. Ашық мінезді, қарапайым болыңыз. Өзініздің болмысыңызды көрсетіп, шыншыл болыңыз. Бұл әрқашан да тартымды көрінеді.

6. Батыл болыңыз. Жігіттердің арасында ұялшақтар жоқ емес. Алайда оған гүл сыйлап, сезім білдірудің қажеті шамалы. Жай ғана онымен тағы да бір кездескіңіз келетіндігі жайлы ыммен айтып қойғаныңыз дұрыс.

7. Артынан қалмай қоймаңыз. Ұнаған жігітке қайта-қайта қоңырау шалып, хабарлама жаза беруді қойыңыз. Кішкене шыдамдылық көрсетіп, ибалылық танытыңыз. 

8. Қатты ақылды болып көрінудің қажеті жоқ. Кей жігіттер ақылды қыздарды, олардың өздерін ақтап, дауыс көтергендерін ұнатпайды. Ақылыңызды керек кезде ғана көрсетсеңіз, жетіп жатыр. Әзірге құпияда ұстаңыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қытайда жүргізушісіз роботакси қызметін сынақтан өткізеді
Қытайда жүргізушісіз роботакси қызметін сынақтан өткізеді
Коронавируспен ауырғанға қайта вирус жұғу мүмкін бе?
Коронавируспен ауырғанға қайта вирус жұғу мүмкін бе?
Бауыржан Исламхан мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды
Бауыржан Исламхан мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды
Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Коронавирустан үй жағдайында емделу
Коронавирустан үй жағдайында емделу
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты