Жұпар жасырған сыр

Жұпар жасырған сыр

Адамның күнделікті қолданатын иіс суы да ол жайлы біраз құпияны ашуы мүмкін. Біз бүгін иіс суға қарап иесінің мінезін анықтамақпыз. 

Гүлдің хош иісін (лалагүл, ақжұпар, раушан) себетін арулар адамдармен тез тіл табысып кетеді. Олар сенімді де адал дос бола алады. Қонақжайлылығы тағы бар...

Ағаш иістерін (сандал, балқарағай) жақсы көретін арулар классиканы сүйеді. Әсемдікке құштар келетін олардың өз стильдері болады. 

Орманның жұпар иісіне (бамбук, көк шөп, мүк, таңертеңгі шық) құмар жандар спортты сүйеді. Олар табиғатта серуендегенді ұнатады. Еш қоспасыз табиғи өнімдерді тұтынады. 

Шығыс хош иістерін (ваниль т.б) шығармашылыққа жақын жандар жақсы көреді. 

Цитрусты жұпар иістерді (мандарин, лимон) ұйымдастырушылығы жоғары жандар себеді.

Жеміс иістерін (құлпынай, шие, шабдалы, қарбыз) романтиканы сүйетін жандар жақсы көреді. Олар шулы ортаны ұнатады. Үнемі көңілді жүруді қалайды.

Теңіз жұпар иістерін (балдыр, толқын, самал, жаңбыр) томаға-тұйық жүруді ұнатпайтын адамдар себеді. 

Балғын жұпар иістерді (ауа, мұз, аязды жел) табиғатта тыныстауды аса сүйе бермейтін жандар қолданады. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар