Жігітімді тастап кетейін бе?

Жігітімді тастап кетейін бе?
Фото: Дана Нұрмағанова

Сəлем, қыздар! Мен бір жігітпен жүріп жүрмін. Басында "араласам да, қоя саламын" дейтінмін. Бірақ уақыт өткен сайын оған деген сезімім артып жатыр. Бұрын сағыну деген атымен жоқ болатын, қазір сағынып, қызғанып, іздеймін.

Əпкем "ұнатпасаң, басын қатырма" дейді. Ал мен ұнатып қалдым. 2 айда бауыр басып үлгеріппін. Бір қылығы ұнамаса "Қоя салайық!" деген сөзім дайын тұратын. Ол: "Сенің дегенің болсын" дегенімен қайтып келетін. 

Оның жан бауыры менің бөлеммен жүрмекші. Төртеуміз қыдырдық жақында. Жақсы жүрдік. Бөлем: "Сен оны тастасаң, мен досымен араласпай-ақ қояйын" дейді. Бөлем жігітті ұнататынын айтты. Ұсынысын қабылдаймын деді.

Жігітіме жаным ашиды. Менде тастаудан басқа амал жоқ секілді сезінем. Енді ұялып жүрмін. Олар жүруді бастаса, ал бізде бәрі бітсе, ыңғайсыз емес пе? Өз ойыммен өзім санасып жүрмін. Оны қимай жүрмін. Жақында студент боламын. 11 бітірдім.

Жігітіме не десем екен? Бөлеме қалай түсіндірем? Олардан ұят емес пе? Түсіністік танытуларыңызды сұраймын. Маған ақыл қосыңыздаршы. 

Автор: Құпия қыз

Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com.

Ф. Абилова