- Негізгі бет
- Аспаздық
- Түйенің өркеш майын...
Түйенің өркеш майын жеп көрдіңіз бе?
Түйе өркешінің санына қарай бөлінетіні бәрімізге мәлім. Ал осы өркештің қандай дәмді екенін білесіз бе?
Осындай аязды күндері өркеш майды нанға қосып жеуге болады. Алдымен бір кесек өркеш майды суға салып екі сағаттай қайнатамыз. Оны кез келген етпен қосып пісіруге де болады.
Бешбармақ дайындау үшін өркеш майдың да қазы-қарта, жал-жая тәрізді рөлі ерекше. Бешбармаққа жас өркешті де, тоңазытқышта ұзақ сақталған сүрмайды да пайдалануға болады.
Артылып, туралмай қалған майды пикникке, сапарға шыққанда бутерброд ретінде жағып жеуге болады.
Өркеш май жоғары калориялы азық болуымен бірге, суықта адам денесін тоңдырмайтын қасиеті бар.
Автор: Фариза Әбілова
Сурет: sony-club.ru
Оқи отырыңыз:
Шұбаттың ерекшелігі мен пайдасы
Құрт пен ірімшік - көшпенділер ойлап тапқан тағам
Қыста иммунитетіңізді нығайтқыңыз келсе
Ф. Абилова