Қыста иммунитетіңізді нығайтқыңыз келсе

Қыста иммунитетіңізді нығайтқыңыз келсе

Әр адам қыста, маусым ауысқан кезде иммунитетін нығайтуға тырысады. Мұндайда таблетка дәрумендердің көмегі болмайтыны анық. Тіпті, кері әсері тиюі мүмкін. Сондықтан халық емін пайдаланудың маңызы зор. Төмендегі суық мезгілде иммунитетті нығайтуға көмектесетін рецептілер балалар мен үлкендерге де жарайды.

1. Еттурағыштан ½ стақан мейіз, 1 стақан грек жаңғақ, 0,5 стақан бадам, 2 лимонның қабығын өткіземіз. Лимонның шырынын еттурағыштан өткен қоспаға сығамыз. 150 г бал, 0,5 стақан сары өрік және сол көлемде қара өрік қосамыз. 1-2 күн қараңғы жерге қоямыз. Дайын болған қоспаны тоңазытқышта сақтаймыз. Ересектер күніне 3 рет 1-2 ас қасықтан, балалар күніне 2 рет 1 ас қасықтан жесе жеткілікті.

2. Келесі қоспаны дайындау үшін 200 г сары өрік, 200 г қара өрік, 200 г інжір, 200 г грек жаңғағы, 200 г мейіз, 200 г бал, 1 лимон, 50 мл коньяк қажет. Барлығын бал мен коньякқа араластырамыз. Артынша тоңазытқышқа қойып, тамақ алдында 1 сағат бұрын 1 ас қасықтан жейміз.

Ескерту! Құрамына коньяк қосылғандықтан, балаларға жеуге болмайды.

Бұлардың барлығы да иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Оның көмегімен қыстық ауруларды ұмытуға болады. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Сурет: deto4ka.com

Қ. Бүйенбай