Пешке піскен тауық аяқтары шырынды әрі дәмді болып шығуы үшін оған түрлі маринад қолданады. Маринадты мойенез, томат немесе қаймақ негізінде дайындауға болады. Ал бүгін соя-бал маринадын дайындау жолын ұсынамыз.
Қажетті ингредиенттер:
- 1 ас қасық соя тұздығы;
- 1 ас қасық бал;
- 1 шай қасық қыша;
- 1 ас қасық сұйық май;
- 3 сарымсақ;
- дәмдеуіштер (паприка, базилик, қара бұрыш);
- аздап тұз.
Дайындалу жолы: Тауық аяқтарын жібітіп, жуып, кептіріп қоямыз. Маринадқа арналған ингредиенттерді араластырып, тауық аяқтарына құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, бетін пакетпен жауып, тоңазытқышта аз дегенде 3 сағат ұстау керек. Егер уақыт болса, түнге қалдырған жақсы. Содан соң маринады әбден сіңген тауық аяқтарын 180-200 градуста қыздырылған пеште 40-50 минут пісіресіз.