- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Ірімшігі...
Массагеттен мәзір: Ірімшігі бар картопты котлет
Тартылған ет жоқ кезде дайындауға болатын үнемді тағамның бірі – картопты котлет. Оның ішіне ірімшік, шұжық, қуырылған пияз, қуырылған саңырауқұлақ салуға немесе ештеңе салмай-ақ дайындауға болады. Ендеше тойымды котлеттің дайындалу жолын ұсынамыз.
Қажетті азық-түліктер:
- 5 картоп;
- 2 жұмыртқа;
- 100 г кепкен нан ұнтағы;
- 150 г ірімшік;
- тұз, қара бұрыш.
Алдымен картопты суға қабығымен бірге пісіріп аламыз. Содан соң, суығаннан кейін қабығынан тазалаймыз.
Картопты үккіштің ұсағынан өткіземіз.
Оған 1 жұмыртқа, дәміне қарай тұз бен қара бұрыш саламыз.
Барлығын жақсылап араластырамыз.
Ірімшікті орташа етіп тураймыз.
Бір ыдысқа кепкен нан ұнтағын саламыз.
Үлкендеу кесеге 1 жұмыртқаны жақсылап шанышқымен араластырамыз.
Картоп езбесін қолымызбен дөңгелектеп, ортасына ірімшік тілімін саламыз.
Содан соң ірімшікті сол картоп езбесімен жауып тастаймыз.
Оны алдымен жұмыртқаға маламыз.
Содан соң кепкен нан ұнтағына малып шығамыз.
Котлет қуыруға дайын.
Табаға май құйып, ол қызған соң, котлеттерді қуыруды бастаймыз.
Қызарғанын байқаған соң, екінші жағына аударып, тағы да қуырамыз.
Котлеттер дайын! Оны тұздықпен (қаймақ, тұз, қара бұрыш, сарымсақ) ұсынуға болады.
Ірімшігі бар картопты котлет дайын!
Біздің мақалалар Telegram желісінде. Арнамызға қосылыңыз!
А. Жапатова