- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Лаваштан...
Массагеттен мәзір: Лаваштан жасалған рулет
Лаваштан жылдам дайындалатын түрлі тағамдар жасауға болады. Одан ыстық та салқын да тіскебасарлар дайындауға болады. Бүгін лаваштан жасалатын рулет – салқын тіскебасардың жасалу жолын ұсынамыз. Ұсынылған ингредиенттердің ішінен тек өзіңізге ұнайтындарын ғана қолдануға болады.
Қажетті азық-түліктер:
- 1 үлкен қияр;
- 2-3 краб таяқшасы;
- 2-3 ас қасықтан консервіленген жүгері мен бұршақ;
- 100 г ірімшік;
- 2 піскен жұмыртқа;
- ақжелкен немесе аскөк;
- 3 ас қасық қаймақ;
- 2 қызанақ;
- аздап тұз бен қара бұрыш.
Қиярды жіңішке етіп тураймыз. Қиярды бір үлкен табаққа саламыз.
Краб таяқшаларын да жіңішке етіп турап, оны табаққа саламыз.
Бұршақ пен жүгеріні де табаққа саламыз.
Ірімшікті ұсақтап тураймыз немесе үккіштен өткіземіз.
Жұмыртқаны тураймыз.
Туралған барлық ингредиенттерге және ақжелкенге (немесе аскөк) қаймақ қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Дәміне қарай аздап тұз бен қара бұрыш салуға болады.
Лаваштың үстіне салындыны салып, тегістейміз. Содан соң туралған қызанақты қойып шығамыз.
Лавашты абайлап рулет секілді ораймыз. Оны аспаздық пакетпен қаптап орап, тоңазытқышқа екі сағатқа салып қоямыз.
Лаваш рулеті дайын!
А. Жапатова