"Аспаздық" айдары осыдан біршама уақыт бұрын өз оқырмандарына баклажаннан жасалатын "Ащы тілдер" атты салаттың мәзірін ұсынған болатын. Ал бүгін сіздерге дәл осы салатқа ұқсас келетін кәдіден (кабачок) жасалатын салатты таныстырамыз. Кәді – жазғы көкөніс. Дәл қазір оны жеміс лашықтарынан оп-оңай тауып алуға болады. Ол баклажанға қарағанда дәмді, құнарлы, пайдалы келеді. Сондай-ақ, баклажан жей алмайтындар үшін кәдіден салат жасасаңыз, алғысына ие боласыз. Сонымен, кәді салатын жасауды бірге үйренейік.
![]() | Құрамы:
|
![]() | Кәдіні жуып, дөңгелек текшелерге тураймыз. Тұзды суға салудың қажеті жоқ. |
![]() | Екі жұмыртқаны ыдысқа жарып, жақсылап араластырамыз. |
![]() | Жұмыртқаға дөңгелек кәділердің екі жағын да аунатып аламыз. |
![]() | Табаға май қыздырамыз. Қызған майға кәдіні екі жағынан алтын түске боялғанша қуырамыз. |
![]() | Кәдіні қуырып жатқанда сарымсақты ұсақтап турап, майонезбен араластырамыз да, тұз қосамыз. |
![]() | Дәл осы уақытта қызанақтарды жуып, кәдінің көлемімен бірдей етіп турап шығамыз. |
![]() | Дайын болған кәдіні тәрелкеге қойып шығамыз да, сарымақ пен майонезден жасалған тұздықты жағамыз. |
![]() | Оның бетіне дөңгелек қызанақтарды қойыңыз да, бетіне тағы да кәділерді жайыңыз. Қалауыңызша бірнеше қабатты етуіңізге болады. |
Салат дайын! Ас дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева
