- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: «Делайт»...
Массагеттен мәзір: «Делайт» тіскебасары
Бүгінгі мәзіріміз франциялықтар асханасына бейімделіп жасалады. Делайт сөзі француз, ағылшын тілдерінде "ләззат" деген мағына береді. Ең оңай әрі ең тез дайындалатын тойымды да дәмді ас деуге болады. Қуырылып, шыжғырылып пісірілетін басқа тағамдарға қарағанда денсаулыққа пайдалырақ. Құрамы да көп нәрсе қажет етпейді, қалауыңызға қарай толықтырсаңыз болады. Негізгі асқа қосымша тіскебасар ретінде ұсынуға, тіпті кешкі асқа жеңіл тағам ретінде жеуге де арналған.
Қажетті азық-түлік:
– 1 картоп;
– 1 сәбіз;
– 1 қияр;
– 100 гр ірімшік (сыр).
Картопты қайнатып, ортасынан бөліп, жіңішкелеп тураймыз
Қайнаған сәбізіді де осы пішінге келітіріп тураймыз
Тәрелкеге туралған картопты реттестіріп жаямыз
Картоптың үстіне сәбізді орналастырамыз
Тұздалған қияр не балғын қиярды жіңішкелеп тураймыз
Туралған қиярды картоп пен сәбіз үстіне жайғастырамыз
Үстіне ірімшікті үккіштен себелеп өткіземіз
Ірімшік ерігенше 2-3 минут қысқатолқынды пеште ұстаймыз. Тез әзірленетін тағамымыз дайын. Ас болсын!
@. @assel_assanova