- Негізгі бет
- Аспаздық
- Кешкі ас үшін...
Кешкі ас үшін жеңіл салат дайындап үйренейік
Оқудан, жұмыстан шаршап келгенде дәмді тамақтанғымыз келеді. Кешкі ас неғұрлым дәмді болса, көңіл-күйіміз соғұрлым жақсара түседі. Сондықтан, ең дәмді деген салат түрлерінің рецепттерін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Алма, шпинат, грек жаңғағы, балдыркөкті араластырып, зәйтүн майының соусы, қаймақ және қышаны қосамыз.
2. Авокадо, алма, лайм мен кивиге бал соусы, жалбыз бен жаңғақ қосып, араластырамыз.
3. Брынза, көк жуа, салат жапырақтары мен шалғамды (редис) араластырып, үстіне қаймақ пен укроптан жасалған соус қосып дайындаймыз.
4. Орамжапырақ, қияр, қайнатылған жұмыртқаға өсімдік майы мен ақжелкеннен жасалған соус қосып, араластырамыз.
5. Гриль тауығы, черри қызанағы, қияр, салат жапырақтары мен көк пиязға өсімдік майы, ақжелкен мен лимон шырынынан жасалған соус қосып дайындаймыз.
Сурет: bankoboev.ru, ugogolya.ru
Оқи отырыңыз:
Кофенің танымал түрлерін жасап үйренейік (видео)
Массагеттен мәзір: "Ерекше бутерброд"
Массагеттен мәзір: "Тауықты мексикалықтарша әзірлеу"
Массагеттен мәзір: "Раушан гүл кексі"
Ф. Абилова