Массагеттен мәзір: "Раушан гүл кексі"

Массагеттен мәзір: "Раушан гүл кексі"

Раушан гүл – ыстық махаббаттың белгісі. Ерте заманнан бері адамдар оның сұлулығына сұқтана қарайтын болған. Үндістан заңына сәйкес патшаға раушан гүл сыйлаған кез келген адам одан қалағанын сұрауға мүмкіндік алған екен. Ал бүгінгі таңда ол - бойжеткендер мен аналарымыздың жүрегіне қуаныш сыйлайтын гүлдердің бірі. Аяулы қыздар! Кезекті мәзіріміздегі раушан гүл кексін бірге жасайық.

Қажет азық-түліктер:

- 3 жұмыртқа;
- 300-500 грамм  қант;
- 400-500 грамм ұн;
- 1,5 шай қасық қамыр қопсытқышы;
- 1 шай қасық ванилин;
- 200-300 грамм қаймақ;
- 1 құты қоюлатылған сүт.

1. Жұмыртқаларды ыдысқа саламыз.

2. Үстіне 300-500 грамм қант қосамыз. 

3. Қант пен жұмыртқаны жақсылап араластырамыз. 

4. Ванилин мен қамыр қопсытқыш қосамыз. 

5. Шетінен ұн салып отырып араластырамыз.

6. Қамырға қосатын майды алдын ала ерітіп алу керек.

7. Раушан гүл кексіне арналған ыдысқа 1 шай қасық қамыр, артынша 1 шай қасық қоюлатылған сүт саламыз. Қоюлатылған сүтті қамырмен қайта көмкереміз. 

8. Духовкіде 20 минут пісіреміз. Дайын болған соң бетіне қант ұнтағын себеміз. Астарыңыз дәмді болсын!

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай