- Негізгі бет
- Аспаздық
- Кәуапты қалай дайындау...
Кәуапты қалай дайындау керек?
Жаз айларында жеміс-жидектен басқа кәуаптың да маусымы басталады. Иісі бұрқырап, көңіліңізді аулайтын кәуап кез келген отырыстың ең тәтті естелігі болары сөссіз. Ал сіз үй жағдайында кәуап дайындай аласыз ба?
– Кез келген кәуаптың дәмін келтіретін – қуырылған ет. Жас еттердің тез әрі жұмсақ болып қуырылатынын естен шығармаңыз.
– Тұздықсыз тамақ дәмсіз деп есептейтін болсаңыз, пиязды пайдаланғаныңыз абзал. Қой етіне тұздық дайындарда сірке суын қоссаңыз да, ол әдісті тауық етінен жасалатын кәуабыңызға қолданбағаныңыз абзал.
– Отын ретінде жағатын ағаштың өзін де дұрыс таңдау маңызды. Қайың ағашы жақсы, дегенмен, емен – ең дұрыс шешім.
– Мангалыңыз бен етіңіздің арасындағы арақашықтық сәл үлкен болуы тиіс. Өйткені кәуаптың бірқалыпты жағдайда әрі күймей пісуіне мүмкіндік береді.
– Отынның қатты жанған тұсына тұз сепкеніңіз абзал. Тұз отты жақсы өшіреді.
–Кәуап дайындамастан бұрын, отын жағатын жерге гүлшетінді (розмарин) себіңіз. Кәуабыңызды одан әрі дәмді етері сөзсіз.
– Дүкеннен алынатын тұздықтардан қашыңыз. Сіздің бүкіл еңбегіңізді жоққа шығаруы мүмкін. Сондықтан қуырылған етке дәм беретін әрі тәбетіңізді ашатын көкөністерді ғана пайдаланыңыз.
Жазыңыз естеліктермен толықсын!
Т. Есқали