- Негізгі бет
- Аспаздық
- Қалампырды дәмдеуіш ретінде...
Қалампырды дәмдеуіш ретінде қолданудың 5 себебі
Қалампыр зімбір немесе даршын сияқты танымал емес, бірақ денсаулық пен сұлулыққа пайдасы жағынан олардан кем түспейді. Қалампырды тамаққа қосудың пайдалы тұстарын ұсынамыз.
1. Қалампыр қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді
Зерттеулер бойынша, қалампырды дәмдеуіш ретінде тамаққа уақытылы қолданған адамдардың біртіндеп глюкоза деңгейі қалпына келетіні байқалған. Ғалымдар оның құпиясын қалампыр құрамындағы марганецпен түсіндіреді.
2. Қалампыр – антиоксиданттар көзі
Өсімдіктер мен дәмдеуіштер – антиоксиданттардың керемет көзі, оның ішінде қалампыр үздіктерінің біріне жатады. Антиоксиданттар жастықтың негізгі "қорғаушылары". Олар тері жасушаларын әлсірететін бос радикалдарды бейтарапсыздандырады. Зерттеулер қалампырдың антиоксиданттық қасиеттері қауіпті ісіктердің алдын алатынын дәлелдеді. Сондықтан аурулардың алдын алу мақсатында қаламыпрды тамаққа жиі қолдану керек.
3. Қалампыр тіс ауруын жеңілдетеді
XIII ғасырдың өзінде қалампырды ауыз қуысының ауырсынуын басуға қолданған. Оған себепші – оның құрамындағы эвгенол заты. Сондықтан күнделікті тіс тазартуға құрамында эвгенолы бар немесе қалампыр сығындысы бар тіс пастасын қолдануға болады. Тісіңіз қатты ауырса, қалампырдан мынадай дәрі жасауға болады: әйнек ыдысқа 0,5 шай қасық қалампыр ұнтағын 0,5 шай қасық кокос майымен араластырыңыз. Осы қоспаны тіс щеткамен ауырған тіске салыңыз. Оны күніне 3 рет жасауға болады.
4. Қалампыр марганецке бай
Қалампыр – марганецтің негізгі көзі. Марганец кальциймен бірге сүйектер мен буындар денсаулығына жауап береді. Марганец сүйек тінінің түзілуіне қатысады және сүйектер тығыздығын арттырады.
5. Қалампыр иммунды жүйені көтеруге көмектеседі
Қалампыр бізге жұқпамен күресуге көмектесетін лейкоциттер мөлшерін арттырады.
А. Жапатова