Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Зімбірді жақсы көруге 6 себеп

Зімбірді жақсы көруге 6 себеп

Зімбірді жақсы көруге 6 себеп

Зімбір секілді әмбебап өнім жоқ шығар. Қалауыңызға қарай, оны шайға да, тұздыққа да, тіпті, піспенанға да қосуға болады. Бұл дәмдеуіштің қандай артықшылықтары бар екендігіне тоқталамыз.

Жүрек айнумен күреседі

Егер көлікте жүрегіңіз айныса, зімбір қосылған мұз кәмпиттерін бірге алып жүріңіз. Зерттеулер бойынша, бұл дәмдеуіш жолда, жүктілік және химиотерапия кезінде жүрек айнуды басады екен.

Іштің кебуі мен қатып қалуын қадағалайды

Зімбір басқа да асқазан-ішек жолы мәселелерін шешуге көмектеседі. Оның құрамында zingibain деп аталатын асқорыту ферменті бар. Ол ақуыздардың ыдырауына көмектеседі. Сол ферменттің арқасында тағам оңай сіңіп, іш қату сияқты мәселелер орын алмайды.

Жұқпалы аурумен күреседі

Ауырайын деп тұрғаныңызды сезгенде, бал мен зімбір қосылған шай дайындаңыз. Оның құрамындағы гингерол белсенді қоспасы ағзаға вируспен күресуге көмектеседі. Ғалымдардың ойынша, тұмаумен күресте кепкен зімбір оның балғын түріне қарағанда азырақ көмектеседі екен.  

Қабынуды басады

Ғалымдардың ойынша, оның құрамындағы гингерол қабынуды басады. Кей зерттеулер бойынша, зімбірді уақытылы қолдану жаттығудан соң бұлшықет ауыруын азайтады.

Ісіктен қорғайды

Ісіктің алдын алуға арналған зерттеу авторлары зімбір тоқ ішек ісігінің алдын алуға көмектеседі деп болжады. Ғалымдар оны зімбірдің ішектегі қабынуды басатындығымен түсіндіреді. Алайда, бұл байланысты түсіну үшін көбірек зерттеу жасау керек.

Арықтауға көмектеседі

1 кесе туралған балғын зімбір тамырында барлығы тек 80 калория, 18г-нан аз көмірсулар және шамамен 2 г жасұнық пен ақуыз бар. 1 ас қасық кепкен зімбір дәмдеуіші тамақты 5 калорияға азайтады. Сонымен қатар, оның құрамында пайдалы дәрумендер мен минералдар көп.

Шөптер мен дәмдеуіштер арықтауға көмектеседі, себебі олардың иісі төмен калориялы тағамнан тоқтық сезімін сезуге көмектеседі. Зерттеулер тамақтан соң бір стақан зімбір суын ішкен ер адамдар ұзаққа дейін тойып жүретіндігін көрсеткен.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 29 қазан 2018, 11:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.