- Негізгі бет
- Аспаздық
- Жасымықты қалай дайындаймыз?...
Жасымықты қалай дайындаймыз?
Жасымық – темірдің көзі. Жасымықтың құрамында өсімдік ақуызының көп мөлшері болғандықтан, ол ағзаға оңай сіңеді. Жасымықтың құрамында май аз. Қытай медицинасы көзімен жасымық жылытатын тағам болып саналады. Ал егер ол дәмдеуіштермен дайындалған болса, қыздыратын қасиеті ұлғая түседі. Әсіресе, жасымықтан дайындалған сорпа қыс мерзіміне жақсы келеді. Жасымықтың бірнеше түрлері бар. Олардың қалай дайындалатындығына тоқталайық.
Жасымықты пісіру кезінде қажет болатын кеңестер:
1. Кез келген жасымықты алдымен тазартып, кейін судың астында ұстап, жуу қажет. Содан соң түсіне қарай суға салып немесе қайнату керек.
2. Қайнату кезінде су жасымық мөлшерінен екі есе көп болуы тиіс.
3. Алдымен жасымықты орташа отқа қояды, бір қайнаған соң отты баяулатады. Қайнағанда пайда болған көбікті алып тастау керек.
4. Жасымықты пісіп қалған кезде тұздау керек. Егер тұзды басында салсаңыз, жасымықты ұзақ қайнату керек болады.
5. Қайнау кезінде жасымықты арасында бұлғап тұру керек.
6. Жасымықты түрлі дәмдеуіштермен және көкөністермен ерекшелеуге болады. Жасымықты қуырылған пияз бен сәбіз жақсы толықтырыады, оған қызанақ, сарымсақ және болгар бұрышын қосуға болады.
Жасыл жасымықты қалай қайнатамыз?
Ол пішінін жақсы сақтайды. Сондықтан салаттар мен тағамдарда жақсы көрінеді. Жасыл жасымықты салқын суда 1-2 сағатқа салып қойыңыз. Сұйығын төгіп, ақпа судың астында ұстаңыз. Содан соң жасымықты кәстрөлге салып, таза су құйыңыз. 40 минут қайнатыңыз.
Қоңыр жасымықты қалай қайнатамыз?
Қоңыр жасымық та жасыл жасымық секілді пішінін жақсы сақтайды. Одан сорпа, пісірме немесе рагу жақсы шығады. Оны салқын суға 40-60 минутқа қалдырыңыз. Содан соң, ақпа суға жақсылап жуып, кәстрөлге салыңыз. Оған таза су құйып, шамамен 30 минут қайнатыңыз.
Массагеттен мәзір: Жасымықтан жасалған крем-сорпа
Қызыл және сары жасымықты қалай қайнатамыз?
Қызыл және сары жасымық суға салып қюды қажет етпейді, ол жақсы езіледі. Сондықтан одан пюре, ботқа және қою сорпалар жақсы шығады. Жуылған жасымықты кәстрөлге салып, су құйыңыз. Оны 10-15 минут қайнатыңыз.
А. Жапатова