Жасартатын азық-түлік #2

Жасартатын азық-түлік #2
Фото: www.delfi.lt

Көпшілігі адамның түрі генетикаға байланысты деп ойлайды. Иә, оған генетиканың да байланысы бар. Алайда, генетика сыртқы келбеттің 25%-на әсер етеді. Оны зерттеушілер бір күнде туған және бірдей генетикалық жинағы бар егіздерге тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдеді. Сыртқы келбетке өмір сүру салты (тамақтану, спорт, гармониялық қатынас), зиянды әрекеттің болмауы, ұйықтау тәртібі және экологиялық орта сияқты басқа факторлар да әсер етеді.

Зерттеушілердің айтуынша, жасартатын гендердің жұмысын іске қосатын азық-түлік бар. Жақсы нәтиже болуы үшін тамақ ішу мәзіріңізге гендердің жұмыс жасауына әсер ететін азық-түліктерді қоссаңыз болғаны.

Басы

Сарбас (жеруха)

Құрамдағы антиоксидант — иммунды жүйені жоғарылатады, жұқпалар және зиянды заттармен күреседі, ағзадағы қартайтатын бос радикалдарды қышқылдандырады. Сонымен қатар, су көкөнісі сарбас — табиғи несеп айдатқыш. Сондықтан ағзадағы барлық зиян тұздарды шығарып, бүйректі қорғап, жүрек-тамырлы жүйедегі ауыртпалықты азайтады. Николас Перриконенің айтуы бойынша, сарбас иммунды жүйені тудыратын маңызды кей гендерді іске қосады екен.

Грейпфрут

 

Грейпфруттың пайдасы ертеректе дәлелденген. Жаңа зерттеулер оның пайдасын толықтырды. Оның құрамында С дәрумені қандағы инсулин деңгейін реттейді. Көпшілік адам лақтырып тастайтын грейпфруттың араларын бөліп тұратын қышқыл ақ қабыршақтарды жұмсағымен бірге жеу керек, себебі соның құрамында нарингин бар. Ол  ағзадағы майды кетіретін және артық өтті шығаратын антиоксидант. 

Жанжабіл (имбирь)

Жанжабілде эфир майы бар. Ол асқазан сөлін өндіреді және ас қорытуды жақсартады. Соның себебінен, ағза көп энергия жұмсап, майлы жасушаларды жояды. Сонымен қатар, кей зерттеулер бойынша, жанжабіл терінің жағдайын жақсартады. Сол зерттеулер нәтижесі бойынша күніне екі грамм жанжабіл пайдаланғанның өзі қандағы қант деңгейін 20%-ға төмендетеді. Басқаша айтқанда жанжабіл диабетке қарсы тұруға көмектеседі.

Көк шай

Көк шай құрамында катехин мөлшері көп. Катехин — қартаюды баяулататын және арықтауға көмектесетін табиғи антиоксиданттар. Зерттеулер нәтижесі бойынша, көк шайды күнделікті қолдану ағзадағы майды ыдыратуды 15-20% жылдамдатады. Сонымен қатар, көк шай теріні жасартып, ми жұмысын жақсартады. 

Сәлбен (шалфей) дәндері

Мыңдаған жылдар бойы сәлбен емдік өсімдік саналады. Перриконе тағамға сәлбеннің өзін емес, дәндерін қолдануды ұсынады. Ол ағзадағы жасартататын гендерді іске қосатын майлы омега-3 қышқылына бай. Сонымен қатар, бұл дәндерде Е дәруменінің және кальцийдің мөлшері көп. Ол сүйек тінінің құрылымына қажетті элементтер қатарын құрайды. 

А. Жапатова