Жарнамаға тағамдарды қалай түсіреді?

Жарнамаға тағамдарды қалай түсіреді?

Теледидар экраны, билбордтар дәмді тағамның жарнамасына толы. Жаңа піскен гамбургерлер мен буы шығып тұрған пиццаны көріп, сілекейіміз шұбырады. Қарнымыз ашып, дәл сол жерде фаст-фудтқа жол тартамыз. Ал осы мінсіз жарнамалық тағамдарды қалай жасайды? Олар неліктен сондай дәмді көрініп тұрады?

Жарнама - мінсіз әлем. Ол жерде қателік пен күйіп кеткен тағамдарға жол жоқ. 

Жарнамалық тағамдардың сырын ашайық. Бұл тағамдарды жарнамаға дайындайтын аспаздар емес, арнайы фуд-стилистер екен. Олар әр тағамның сырт көзге тәтті, дәмді болып көрінуі үшін барын салады.

Гамбургерлердің котлеті жақсы қуырылып, наны әдемі шығу үшін дәнекерлейтін лампа қолданады.


Құймақтарға құйылатын тәтті бал сироптарын жиі жағдайда мотор майымен ауыстырады.


Теңіз тағамдарының көбісін шикілей жеу әлдеқайда дәмді. Алайда жарнамалық түсірілімдер теңіз жағасында өтпейді. Жарнама стилистерінің айласы - теңіз тағамдары, балық тілімдерінің бетіне глицирин жағу. Осылайша балық, суши және басқа да тағамдар дәмді көрінеді.

Базардан әдемі көкөніс пен жемістер, көк-шөп табуға көп уақыт кетеді. Алайда жарнама жасайтындар арнайы химиялық қоспалы сұйықтық қолданады. Оны көкөністерге шашып, түсін келтіріп, жылтыратады.

Жаңа піскен жарнамалық пиццаның буы оныкы да болуы екіталай. Фаст-стилистер бу жасау үшін мақтаны сулап, микротолқынды пеште қыздырады. 

Жидектердің жылтырын кәдімгі спрей-дезодоранттар келтіреді екен.

Шаш қатыруға арналған лак құрғап кеткен бәлішті өмірге қайта әкеледі.

Мына құлпынай құймақтың бетінде өте әдемі көрінеді. Алайда оның түйреуіште тұрғаны көрінбейді. Ал құймақ ішіндегі тосап арнайы спрей әсерінен қатып, ағып кетпей тұр.

Тауық арық болып қалмау үшін шприц көмегімен терінің астына картоп езбесін салуға болады. Ал тез даярлап, беті әдемі қуырылуы үшін дәнекерлейтін лампа қолданады.

Еттің әдемі пісуінің сыры - аяқ киімге арналған қоңыр крем.

Сіз әлі де жарнамаға сенесіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vk.com 

С. А