Мәзір: Жүрек-пицца

Мәзір: Жүрек-пицца

8 наурыз мейрамына арналған мына мәзір кез келген ер кісінің қолынан келеді. Көп шығынды талап етпейтін азық-түлік пен 15-20 минут уақытыңызды талап ететін бұл пицца 8 наурызға арналған романтикалық кешке дәл келеді. Өз жүрегіңізді сүйіктіңізге арнаңыз! Сондай-ақ, әр мәзірде басты құрамдас бөлік - шын ниет пен махаббат екенін ұмытпаңыз.

Құрамы:

  • Пиццаның дайын қамыры;
  • Шұжық;
  • Қызанақ - 1 дана;
  • Болгар бұрышы - 1дана;
  • Сұйық май;
  • Кетчуп немесе томат пастасы;
  • Сыр - 300 гр.

Шұжықты жұқа дөңгелектерге тураймыз.

 

Дайын дөңгелек қамырдан пышақтың көмегімен жүрек пішінін кесеміз. Қисық кесілсе, ештеңе емес, кімнің жүрегі мінсіз дейсіз?

Жүрекке жақсылап сұйық май мен кетчуп жағып, оған табиғи қызыл түс береміз.

Қамырға туралған шұжықты қоямыз.

Оның үстіне жұқа туралған қызанақ пен майда текшелерге бөлінген болгар бұрышын себеміз.

Үстіне үгітілген сырды молынан саламыз. Пиццаны пісіру пешіне 180 градусқа 15 минутқа қоямыз.

Пицца да дайын болды! Мөлдір махаббат, ыстық іңкәрлік тұнған жүректі пиццаның пішініне де салдық. Керемет!

Ас болсын! Ғашығыңызбен бірге ұмытылмас кеш өткізіңіздер! Романтикалық кешкі астың басты тағамы бола алатын мына пицца сүйіктіңізге деген ең ерекше тосын сый болмақ.

С. А