Франция асханасы багет нандарымен, крем-брюле, макарон десеттерімен танымал. Басқа қандай ұлттық тағамдары бар екен, аспаздық саяхат жасап келейік.
Франциялықтар үшін ұлудан асқан деликатес жоқ. Оны сарымсақ соусында және басқа да түздықтармен түрлендіріп жасағанда жақсы көреді.
Франция тағамдарын соуссыз елестету мүмкін емес. Олар әр саналы адам дайындап білуі тиіс деп есептелетін велюте, эспаньол, беарнез, бешамель деген секілді тұздықтары бар.
Галантин
Франция халқы етті түрлендіріп жегенді ұнатады. Тауықтың, үйректің, қоян, сиыр, шошқа еттерін фарщ секілді майдалап, ішіне көкөніс, дәмдеуіштер салып, орап пісірілген тағамы галантин деп аталады.
Рататуй тағамы да франциядан шыққан. Әлемдегі вегетариандық асты жақсы көретін елдердің классикалық тамағы. Оның өзін жеке әрі күрішпен, жұмыртқамен қосып әзірлеуге болады, құрамына қарай түр-түрі бар.
Фуа-гра – Қаз не үйректің бауырынан әзірленеді. Іркілдекпен (желе) бірге ұсынылады.
Птифур – әртүрлі кішкене печеньелерден тұратын ассорти. Ол көбіне бір қамырдан жасалады, тек әсемделуі әртүрлі болады.