Массагеттен мәзір: "Рататуй"

Массагеттен мәзір: "Рататуй"

Рататуй – әлемдегі вегетариандық асты жақсы көретін елдердің классикалық тамағы. Оның өзін жеке әрі күрішпен, жұмыртқамен қосып әзірлеуге болады. Мұнымен қатар, құрамына қарай түр-түрі болады. Кезекті ас мәзірімізде кәді қосылған түрін дайындаймыз.

Қажет азық-түліктер: 

♦ 2 бас пияз;

♦ 5 қызанақ;

♦ 3 кәді;

♦ 3 баялды;

♦ 2 сәбіз;

♦ сарымсақ;

♦ тұз;

♦ өсімдік майы;

♦ аскөк.

1. Пиязды майдалап турап, табада қуырамыз.

2. Үстіне сәбіз саламыз.

3. Қызанақты майдалап турап қосамыз. Үстіне тұз себеміз.

4. Барлығын жақсылап қуырған соң су құямыз. Артынша су қайнаған кезде туралған сарымсақты саламыз. 

5. Баялдыны дөңгелектеп тураймыз. 

6. Қызанақты дөңгелектеп тураймыз. 

7. Кәдіні дөңгелектеп тураймыз.

8. Темір ыдысқа алдымен баялдыны қоямыз. 

9. Қызанақты қоямыз.

10. Кәдіні қоямыз.

11. Ең соңында пиязды қоямыз.

12. Осы ретпен бірнеше қатар тізіп шығамыз.

13. Тұздығымыз қайнаған соң үстіне аскөк себеміз.

14. Артынша тұздықты үстіне құямыз.

15. Тұздық суының ыдыстың барлық жеріне жетуін қадағалаймыз.

16. Духовкіде 50 минут пісіреміз. 

17. Рататуй тағамы осымен дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай