- Негізгі бет
- Аспаздық
- Бұл қызық: "Цезарь"...
Бұл қызық: "Цезарь" салаты неге бұлай аталады?
Фото:
pizza-kerepes.hu
Салат латын тіліне айдарғанда "тұзды" деген мағына береді екен. Көне Римде салаттарды тек жасыл көкөністерден жасаған. Уақыт өте келе түрлі көкөніс, ет, дәмдеуіштер қосып, оның бастапқы құрамын өзгерткен екен. Сол салаттардың бірі – "Цезарь" салаты.
Көпшілік бұл салаттың атауы Рим қолбасшысы Гай Юлий Цезарьге арнап қойылған деп ойлайды, алайда қолбасшыға салаттың ешқандай қатысы жоқ. Мұның атауы мексикалық мейрамхананың қожайынына арнап қойылған. Яғни, Цезарь Кардини есімді мейрамхана басшысы осы салатты ұсынған екен. Тағы бір қосымша: 1998 жылы Сан-Франциско қаласында 1993,76 килограмм "Цезарь" салаты жасалып, Гиннес Рекордтар кітабына енген.
Г. Берік