Массагеттен мәзір: Цезарь салаты

Массагеттен мәзір: Цезарь салаты

Көктем мезгіліне байланысты "Аспаздық" айдарының оқырмандарына "Цезарь" деп аталатын салаттың жасалу жолдарын көрсетпекпін. Түскі асқа немесе қонақ келе қалғанда жасасаңыз, өзгелердің алғысына ие боласыз дей аламын. Салаттың атауы көпшілігіңізге таныс деп ойлаймын, дәмін де татып көргеніңізге сенімдімін. Енді оны өз асханаңызда жасап көріңіз. Айта кетейін, бұл мәзір екі ғана тәрелкеге арналған.

 

Құрамы:
1 батон нан
250 гр ірімшік
2 жұмыртқа
2 қызанақ
1 лимон, сарымсақ
тауық еті, бұрыш
салат жапырағы
майонез, май

 

  Салат үшін батон нан дұрыс секілді. Оны ұсақ әрі төрт бұрыш етіп тураңыз. Үгітіліп кетпеуін қадағалаңыз. Осы уақытта жұмыртқаны қайнатуды бастай беріңіз.

 

  Нанды табаға салып пешке қойыңыз. Нан кеуіп, қызара бастағанда, яғни, 10-15 минуттан кейін алып қойыңыз. 

 

  Тауықты да нан секілді төрт бұрыш етіп турайсыз. 

 

  Мен тауықты алдын ала қайнатып (пісіріп) алдым. Қалауыңызға байланысты бірден қуырсаңыз да болады. Етті қызарғанша қуырыңыз.

 

  Салат арасына салынатын тұздық үшін: сарымсақ, лимон суы, бұрыш және тұз керек.  

 

  Қызанақты жақсылап жуып, төрт бұрыш етіп турап шығыңыз.  

 

  Ірімшікті үккіштен өткізіңіз. Қайнатылған жұмыртқаны да қызанақ көлеміндей етіп тураңыз.

 

  Салат жапырағын жуып, пышақтың көмегінсіз, қолмен үзіп тәрелкеге орналастырыңыз.

 

  Екінші қабатқа қызанақ қойып, тұздықты жағамыз.

 

  Екінші, жұмыртқаны салып, тағы да тұздық, одан кейін тауық еті, одан кейін тағы тұздықты жағасыз.

 

  Оның бетіне қатырылған нанды қойып, тағы да тұздық салыңыз. Ең соңында, яғни, жоғарғы қабатына ірімшікті саласыз. Қалауыңызға байланысты майонез араластырсаңыз болады. 

"Цезарь" салаты дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева