Азық-түлік жайлы қызықты деректер

 

Қызанақтың 7000 мыңнан астам түрі белгілі. Әлемде мүкжидекті ең көп өсіретін мемлекет – АҚШ. Натрий глутаматы тамақ қоспасы бидай дәнегінде кездеседі. Бір гектар бидайдан 6000 бөлке нан пісіруге болады. Бір келі жүгеріде шамамен 2500 дәнек бар. Апельсин мен құлпынай үзіп алынғаннан кейін пісіп жетілмейді, ал банан мен авокадо керісінше тез піседі. Американың Огайо штатында қызанақ шырыны ресми сусын ретінде бекітілген. Авокадоның екінші атауы «керемет» жеміс. Себебі оның құрамында денсаулыққа керекті барлық дәрумендер мен көмірсулар бар. Мүкжидектің піскенін  қатты жерге лақтырып анықтайды. Жақсы піскен мүкжидек жоғары қарай секіруі тиіс. Бұршақ қабығының әрқайсысында 7 бұршақтан болады. Америка Құрама Штатында өсірілетін асқабақтың 99 пайызы Хеллоуин мейрамында қолданылады.

 

Оқи отырыңыз: 

Компот қайнатудың қағидалары

Газдалған сусындар пайдалы ма?

Жапонияда жеміс-жидек неге өте қымбат?

Шымкенттік ғалымдар жеміс-жидектен чипс жасап шықты

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: www.nosmoking18