Жапонияда жеміс-жидек неге өте қымбат?

Жапонияда жеміс-жидек неге өте қымбат?

Жапонияда жемістердің неге сонша қымбат тұратыны туралы аталған елге саяхат жасаған адамдар білгісі келетіні бар. Жалпы тұрғыдан алғанда, кез келген Жер бөлігінде белгілі бір жемістің пісу мезгілі келгенде бағасы төмендейді. Ал Жапонияда олай емес.

Айта кетсек, Yubari қауыны 20000€, Ruby Roman жүзімі 4000$, ал Densuke қарбызы 6100$ тұрады. Себебі жемістер Жапонияда жоғары сапалы өнім болып есептеледі. Әдетте жапондар оны айтулы күндерде тарту ретінде алып барады. Қарым-қатынастың белгісі болып та қолданылады. Біреудің үйіне құр қол бару Күн шығыс елінде әдептілікке жатпайды.

Аукционда сатылатын жемістер қай жағынан алып қарасаңыз да тамаша болуы тиіс. Оның сырт пішіні де, дәмі де көз қуантады. Нағыз сұрыпталудан өтетін жемістерді әлемдегі ең дәмді жемістер деуге болады. Оларды сұрыптайтын арнайы кеңес те құрылады екен. Жемістің сапасына қарай шекті бағасы қойылатын болады.



Дәстүр бойынша оның нақты тағайындалған құнына орай сый ретінде беріледі. Жапонияда тіпті арнайы сыйға тартуға арналған қымбат жемістер дүкендері де бар. Солардың ішінде ең әйгілілерінің бірі – Senbikiya дүкені болып табылады. Аталған дүкенде қауын, өрік, қарбыз, алма т.б. жемістер сатылады. Оған қоса, мұнда шаршы қарбыздарды, жүрек немесе бесбұрыш секілді пішіндердегі жемістерді таба аласыз.



Нақтылап өткенде, Жапонияда жемістерді өте жоғары бағалауы олардың өз дәстүрлерін қатаң ұстауымен байланысты болады екен. Егер бағбандар жаңа жемістің ерекше үлгісін өсіруге қол жеткізетін болса, оның құны бірден ойға келмейтін бағаға көтеріліп кетуі мүмкін.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: injapan.gaijinpot.com

Ж. Өрісбай