Ас үй ханшайымдарына кеңес #3. Дәмді ет құпиялары

Ас үй ханшайымдарына кеңес #3. Дәмді ет құпиялары

Құрметті ас үй ханшайымдары, бүгін біз сіздерге етті дәмді етіп пісірудің түрлі құпиясы жайлы айтпақпыз. Етті тұздап, пісіру жеу – ең қарапайым әдіс. Әйткенмен біз тек осындай ғана дәмнен жалыққан шығармыз. Онда төмендегі құпияларды сіз де біліп алып, отбасы мүшелерін бүгінгі кешкі асқа еттен дәмді тағам ұсынып қуантыңыз.

Етті дайындамас бұрын оны бір сағат шамасында суға салып, бүркеп қойсақ, ол жұмсақтау болып пісіеді.

Егер ертең ет қуыруды жоспарласаңыз, онда бүгін етті соя тұздығына салып, бетін жауып қойыңыз. Сонда еттің дәмі ерекше болады.

Егер қой еті мен сиыр еттерін жабық пеште пісіргіңіз келсе, алдын ала бір күн бұрын етті тұздап, қара бұрыш сеуіп және лавр жапырақтары және сарымсақпен арластырып, бетін жауып, салқын жерге қойып қойсаңыз болады. Дәмдеуіштері етке сіңген кезде пісірсеңіз, тіпті керемет.

Етті дәл осы әдіспен ішекке тығып, ішектің екі шетін жіппен тігіп немесе тіс шұқығышпен түйреп қойсаңыз болады.

Қатты етті жұмсарту үшін: Сиыр етін табаға салып, қатты отта 3-5 минуттай күйдіруге жеткізбей қыздырып алыңыз. Одан соң үстіне аздап су құйыңыз да, отты жай қойыңыз. Одан соң зімбірдің тамырын турап, оны етпен бірге бұқтырыңыз. Зімбір тамыры протеинді ыдыратып, қатты етті жібітетін күшке ие. Сиыр етін 30-40 минут жай отта бұқтырған дұрыс.

Ескі етті лимон қабығы арқылы жұмсартуға болады: Етті көлденеңінен турап, қызып тұрған табаға саламыз. Бірнеше лимон қабығын үстіне тастаймыз. Дайындап болған соң лимон қабықтарын әлі де керегімізге жаратамыз. Ет піскен кезде пайда болған шырынын тәрелкеге құйып аламыз, сосын етті салып, жан-жағына лимон қабықтары мен ас көкті сәндеп қоямыз.

Етті ешқашан дәл қуырайын деп тұрған сәтте тұздамаңыз: Өйткені, ет өз сөлінен ерте айрылып қалады. Тұзды ең соңынан не ортасында салуға болады.

Ас болсын!

Ұқсас жазба:

Ас үй ханшайымдарына кеңес #2. Ботқа пісіру

 

Сурет: liveinternet.ru

А. Әбілхан