Ас үй ханшайымдарына кеңес #2. Ботқа пісіру

Ас үй ханшайымдарына кеңес #2. Ботқа пісіру

Денсаулығын күтетін, өзінің келбетіне көңіл бөлетін кез келген адам таңғы астың күні бойғы күштің көзі екенін біледі. Ал ботқа – таңғы астың ең дұрыс нұсқасы. Ас үй ханшайымдарының кейбірі әлі де ботқа әзірлеуде түрлі қиындыққа тап болып жүрген болу керек. Ендеше, біз бүгін ботқаның суы мен тұзын мөлшерлей алмай жүрген қатарлас құрбыларымызға оны дұрыс дайындау жолдарын көрсеткелі отырмыз.

Тары ботқасы (Пшенная каша)

Дайындау тәсілі:

1 стақан тары

Дәміне қарай тұз

1,5 стақан су

Пісу уақыты – 15-30 минут

Ең алдымен тарыны таза сумен мұқият шайып алу керек. Жуылған тарыны су құйылған терең кәстрөлге салып қатты отта бетін ашық күйде қайта-қайта арластырып отырып қайнатамыз. Су қайнаған соң отты азайтып 15 минут беті жабық күйде пісіру керек.

Қосымша кеңес: егер тары ботқасының қатты қою болғанын қаласаңыз, 1 стақан тарыға 2-2,5 стақан  су құю керек. Ол үшін жоғарыдағы әдіспен де дайындай беруге болады. Тек тары дайын боларда үстіне біз айтқан мөлшерде су құйып, тары ботқасын дайын етуге болады.

Арпа ботқасы (Перловая каша)

Дайындау тәсілі:

1 стақан сұлы

Дәміне қарай тұз

4 стақан су

Пісу уақыты – 40 минут

1 стақан сұлыны жуып болған соң, 2 стақан суға салып, аз дегенде 2-3 сағатқа қойып қою керек. Одан соң суын төгіп, тағы 2 стақан су құю қажет. Отты жағып, су толы кәстрөлге сұлыны салып қайнағанша қатты отта ұстаймыз. Қайнап болған соң отты бәсеңдетіп, беті жабық күйде суы тартылғанша пісіреміз. Ботқа дайын болған соң, отты өшіріп, тағы он минуттай ұстау керек.

Қосымша кеңес: ботқадан жағымды иіс шығып тұру үшін оны пісіріп жатқанда қуырылған қызанақ немесе аздаған аскөк салуға болады.

Қарамық ботқасы (Гречневая каша)

Дайындау тәсілі:

1 стақан қарамық

2 стақан су

Дәміне қарай тұз және қара бұрыш

Пісу уақыты – 10-15 минут.

Жуылған бір стақан қарамықты екі стақан су құйылған терең кәстрөлге саламыз. Қатты отта қайнағанша ұстаймыз. Қайнаған соң отты бәсеңдетіп, суы тартылып біткенше бұқтырып пісіреміз. Ботқа піскен соң отты өшіріп, тағы 10-15 минуттай орамалмен кәстрөлді орап ұстай тұрамыз.

Сұлы ботқасы (Овсянная каша)

Дайындау тәсілі:

1 стақан сұлы

1,5 стақан су немесе сүт

Дәміне қарай тұз және қант

Пісу уақыты – 10-15 минут.

Қатты отта су қайнағанша ұстаймыз да, су қайнаған соң суы тартылып біткенше бәсең отта пісіреміз.

Сурет: tolko-poleznoe.ru

Ұқсас жазба:

Пайдалы ботқалар

А. Әбілхан